Табиғат, шеберсің-ау, шеберсің…

22bet_f11Жер жәннаты Жетісу — ежелден Қыдыр кезген, табиғи байлығын санап тауыса алмайтын ғажайып өлке. Оның асыл қазынасы — Арасан. Ақ бұлттардан алқа таққан Ақ басты Алатау, солтүстік жағынан ауылды тау өзені құшағына орай ағады. Оның «Бүйен» деген аты өзіне жарасады.

Шоқпар тас.
Ауыл баласы болып өскеннен соң ауыл-аймақты бес саусақтай білесің. Арасан ауылына демалуға келген қонақтарды қызықтыратыны — өлке табиғаты. Бүйен өзенінің жағалауындағы мүсінші адам қолымен қашап жасалғандай қия беттегі «Тасбақа тас», қанат қомдап биіктерге ұшайын деп тұрған «Бүркіт тас» бейнесі көрген жанды бірден өзіне тартып, көз жауһарын алады. Ауыл шетіндегі дөңгелек төбе басында астына қалың етіп төселген көрпедей көк шалғында малдасын құрып отырған «Шежіреші шал» бейнесі тәрізді тастың өзіндік тарихы, аңызы бар.

22bet_f2122bet_f32

Тасбақа.

Ұлы даланың сұлу мекені — Арасан! Қазақ сахарасының маржан көздерінің бірі Арасан өңіріндегі жеті керемет жұмбақ жерлері. Халықтың демалуға, серуендеп шығатын жерлері: әйгілі «Гауһар тас» киносы түсірілген «Үңгір тас», «Байталас».
Табиғат — шебер, бірақ суретші емес,
22bet_f4Табиғат — шығарма, бірақ жазушы емес.
Табиғат шығармасын тудырған құдіретті күштің аты — Жаратушы Алла. Арасан ауылының табиғатын таңдана, тамсана көзбен көрген соң, сөзбен жеткізу қиын, ол үшін Мұхтар Әуезов пен Мұқағали Мақатаев қайта туып, біреуі — прозамен, біреуі — поэзиямен суреттеуі керек шығар.
Елдос Тоқтарбаев. Алматы облысы.

Бүркіт тас

«Бүйен» өзені.

ПІКІР ЖАЗУ