Ас атасы — НАН

26bet_f310Тағамның ең асылы — нан. Бүкіл тіршіліктің өзегі — нанды баршамыз қастерлеуге міндеттіміз. Нанның аяқастында жатқанын көргенде, оны жерге немесе қоқысқа тастаған адамның жүрегі қалай дір етпеді дейсің? Ысырапқа жол бермеуіміз қажет. Алайда, мұны көптеген құрбыларымыз ескере бермейді.

Нан — Аллатағаланың адам баласына сыйлаған ең ардақты тартуы. Қай тағамды алмаңыз, бәрі де нанмен дәмді, нанмен ғана қуатты. Ол біздің алдымыздағы дастарханға келгенше, қаншама маңдай тер төгіледі. Мұны дихан ғана біледі. Сондықтан, нанды қорлауға ешкімнің де қақы жоқ. Алтының тасып, ақшаң көп бола берсін. Бірақ, оған сатып алатын нан болмаса, байлықтың ешбір мәні болмайды. Нан — ешнәрсемен тең келмейді. Оның құнына баға жетпейді.

Айдана  Иманбекова.

1 Comments on “Ас атасы — НАН

  • Жұлдызай

    Сəлеметсіздер!
    «Мөлдір бұлақ» танымдық журналдарыңыз жас ұрпақтарды тəрбиелеуде маңызы зор екен.
    «Ас атасы — Нан» атты шағын ғана мақалада да үлкен мағыналы, мəнді ғибрат жатыр. Сіздерге сəттілік.

    P/ s: Егер айып болмаса, Күнсұлу Бегдалиеваға менің байланыс тел.нөмірін берсеңіздер.
    87059525271 — Жұлдызай
    Алдын-ала алғыс білдіремін.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *