Банан торты

9bet_f43Құрамы: 200 гр сары май; 200 гр қант; 1 банан; 4 жұмыртқа; 6 шай қасық қаймақ; ванилин; 340 гр ұн; 2 шай қасық қопсытқыш; тұз; 1 лимон; қант; жасыл пісте ұнтағы.
Дайындау тәсілі: Сары майды 170 гр қантпен араластырамыз. Туралған бананды қосып, жақсылап көпіртеміз. Жұмыртқалардың ақ, сарысын бөліп, сарыларын банан қоспасына құямыз. Қаймақ, ванилин, көкнәр мен аз ғана тұз қосамыз, араластырамыз. Енді үстіне қопсытқыш ұнды електен өткізіп саламыз. Жұмыртқаның  ағына аз ғана тұз қосып, бөлек ыдыста қаймақ сияқты қоймалжыңға айналғанша жақсылап көпіртеміз.   6 қасық қант қосып безе жасағандай тағы араластырамыз. Енді осыған қамырды құямыз. 9bet_f34Бөліп-бөліп құйғанымыз дұрыс. Ыдысты майлап, аздап ұн себелейміз. Қамырды осының ішіне құямыз да, 1600С духовкада 45 минут пісіреміз. Тортты духовкаға қоя салып, сироп жасаймыз. Ол үшін лимон қабығын үккіштен өткізіп, шырынына қант қоса-мыз. Қою қоспа шығуы керек. Піскен торттың үстіне осы сиропты жағамыз. Ең үстіне жасыл пісте
ұнтағын себеміз немесе өз қалауың бойынша сәндеуіңе де болады. Ас дәмді болсын!
 Әзірлеген: Адина ЕРҚАРАЕВА.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *