«Айтұмар» — әннің тұмары

10bet_f34«Айтұмар»  – қазақ эстрадасына қосыл-ған танымал топтың бірі. Арулардың  бұрымдары,  ұлттық ою-өрнекпен безендірілген киімдері де, қазақи ұлттық әндерімен үндесіп, халық жүрегіне жақындай түскен. Журналымыздың қонақтары — Нұрғожаева Эльнура және Қанапиянова Жадырамен сұқбаттасқан едік.
— Алдымен дәстүрлі сұрақ,  өнерге қалай келдіңіздер?
Эльнура: —  Ең алғаш балабақшада жүргенімде баянның сүйемелдеуімен ән айтқанмын. Ол кезде мен 3 жаста едім. 
Жадыра: — Менің балалық шағым Ш.Қ.О. Тарбағатай ауданында өтті. Балабақшада жүргенімде, балалар ұйықтап жатқанда, өзім жалғыз әндетіп отырады екенмін.  «Угай-ай», «Кеш жарықты» айтқаным есімде.    
— Мектеп сахнасында өнер көрсеттіңіздер ме?
— Мектепте жүргенде гуманитарлық бағыттағы пәндерге аса қызығушылық білдіретінмін. Оқушы кезімде — 2003  жылы Литваның Каунас қаласында бірінші халықаралық балалар әндерінің байқауы өтті. Мен өнер сайысына жолдама алып қатыстым. ІІІ-орынды иеленіп, лауреат атанған едім.
— Ата-анам Алматыға қоныс аударып, №158 орта мектептің 5-сыныбына келдім. Ең алғаш мектепте орындаған  «Ақкөгершін», «Туған жер» деген әндер мені сахнаға жетелеген бойтұмарым болды.
— Эльнурамен қалай таныстыңыз?   
10bet_f27Жадыра: — Қазақ Мемлекеттік Қыздар Педагогикалық университетінде ІІ-курс оқып жүргенде таныстым. 2006 жылы «Айгүл» вокальды-аспаптар ансамбліне  қабылдандым. Эльнурамен танысып, өнер жолында бірге келеміз. 2009 жылы қараша айында Сара Шаяхметқызының бастамасымен топ құрдық.
— Өнердегі ұстазыңыз жайлы да айта кетсеңіз.
Эльнура: —  Бала  кезден Бибігүл Төлегенова апайымның орындаған әніне тәнті болдым. Бекболат Тілеухан ағаның орындауындағы әндер ерекше әсер қалдыратын.Университет қабырғасында вокальдан әншілік шеберлігімді шыңдаған Галина Қарамолдаеваға алғысым шексіз.
— Құрылған кездегі мақсаттарыңызға жетіп келесіздер ме?
—Топ құрудағы ойымыз—ұлттық әндерді әуелете отырып, сахналық киімдерімізге ою-өрнектерден сән қосу арқылы қазақ қыздарына тән инабаттылықты, сұлулықты көрсету болатын. «Ізденген жетер —мұратқа» деген ғой. Тынбай еңбектенудеміз. 
— Әңгімеңізге рақмет.
 Сұқбатты жүргізген:
Фариза АЙТІЛЕУОВА, студент.
Алматы қаласы.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *