Кіші алаңның үлкен жеңімпаздары

11bet_f23Халықаралық «Қазақстан-Zaman» газеті мен «Мөлдір бұлақ» журналы редакцияларының ұйымдастыруымен сәуір айының аяғында мини-футболдан дәстүрлі Дидар Төлеуіш атындағы турнир жаңаша серпіліспен өтті. Биылғы турнир республикамыз Тәуелсіздігінің 20 жылдығы мен Желтоқсан оқиғасының 25 жылдық мерейтойлары құрметіне арналды. Додаға республикалық Бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінен құрылған он бес команда («Қазақстан-Zaman» мен «Мөлдір бұлақ» командалары соның ішінде) сайланып шықты. Бес топқа бөлінген олар өзара қызу сайысқа түсті.
11bet_f19«Мөлдір бұлақ» командасы өз тобындағы алғашқы ойынында «Алма-ТВ» ойыншыларына 1:0 есебімен есе жіберіп алғанымен, келесі ойынында ширай түсті. «Дала мен қала» командасының қақпасына бір доп артық салып, 2:1 есебімен жеңді. Дегенімен, екі ойын бойынша доп айырмашылығы теңбе-тең (2:2) болғандықтан, келесі  кезеңге шығу мүмкіндігінен айырылып қалды.
11bet_f35Ширек финалда «Қазақ газеттері» — «Хабардан», «Көкжиек» — «Президент және халық» командасынан басым түсіп, жартылай финалға өтті. «Көкжиек» командасы бұл турнирге алғаш рет қатысып отырғанына қарамай, өзінің азулы да дүлей ұжым екенін аңғартты. «Қазақ газеттерін» де ұтып, жүлделі бірінші орын мен кубокты жеңіп алды. Ал, «Қазақ газеттері» мен «Хабар» тиісінше екінші және үшінші орындарды бөлісті.
Турнирде жеңіске жеткен командалар «Қазақ-стан-Zaman» ЖШС-нің бағалы сыйлықтары, кубок, дипломдарымен марапатталды. Биыл, алғаш рет Алматы қаласы әкімшілігі бағалы сыйлықтары мен дипломдарын сыйға тартты. Сонымен,
9-mamyr-print-new1-орын «Көкжиек» командасы – теледидар және диплом;
2-орын «Қазақ газеттері» —  музыкалық орталық және диплом;
3-орын «Хабар» — үй кинотеатры және дипломға ие болды.
Ең үздік ұйымдастырушы редактор аталымы бойынша «Жас қазақ» газетінің бас редакторы Срайыл Смайыл – Рахымбай Ханалы атындағы сыйлығы және дипломмен марапатталды.
«Ең жас команда» аталымы бойынша марапаттауға «Мөлдір бұлақ» командасы лайық деп табылды. Олар қысқа толқынды пеш пен арнайы дипломға  ие болды.
(Өз тілшімізден).

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *