Ұланымыз егеменді қазақтың

13bet_f16Алматы  қаласындағы №84 мектепте оқушылардың есінде қалатын ерекше кеш өтті. Кеш—31 мамыр қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне арналды. Онда Алаш арыстары жайлы кеңінен айтылды. Елім деп еңіреген ерлердің бірі—Мұстафа Шоқай екені  баршамыздың жадымызда. Соған орай мектеп директоры  Жеңіскүл  Сатаеваның  бастамасымен «Алаш арысы» атты кездесу ұйымдастырылды. Тағылымды кездесуге Париждегі Мұстафа Шоқай атындағы француз-қазақ Достық қоғамының төрағасы YASAR  DINC  мырза қатысты. Кештің қадірлі қонағы  оқушыларға Мұстафа аталары жайлы естелігін әсерлі де тағылымды етіп әңгімелеп берді.
М.Шоқайдың алғашқы қоғамдық жұмысы 1914 жылы басталады. Әлихан Бөкейхановтың ұсынысымен  ІҮ Мемлекеттік Думадағы  мұсылман фракциясының хатшылығынан бастайды. Оның бұл салаға келуі —
Ресейдегі қайраткерлермен, Дума депутаттарымен  кеңінен араласуына, жалпы түркістандық идеяларды жүзеге асыруына мол мүмкіндік тудырады.  Прогресшіл бағыттың басында тұрған Мұстафа Шоқай сол кезде құрылған Түркістан автономиясы  Уақытша Үкіметінің сыртқы істер министрі, Мұхамеджан Тынышбаев демалысқа кеткен соң, бас министр қызметіне тағайындалады. Орынбордағы  бүкілқазақтық  Құрылтайдан соң құрылған «Алаш» партиясының мүшелігіне өтеді.
Алаш арыстарының бірі жайында тебірене еске алған  YASAR  DINC мырза мектеп ұстаздары мен оқушылардың алда келе жатқан Егемендігіміздің   20 жылдық торқалы тойын сәтті өткізуге тілектестігін білдірді. Әңгіме арасында өкінішін де жасырмады. Еліміз тәуелсіздік алған 20 жылда нар тұлғалы арыс азаматына еңселі ескрткіштің орнатылмағанын қынжыла айтты. 2010 жылы Францияда М.Шоқайға арналған алып ескерткіш тұрғызылған. Оның ашылу рәсіміне ҚР Мәдениет Министрі Мұқтар Құл-Мұхамед мырза қатысты. Өмірінің 20 жылын Парижде өткізген Мұстафа атамыз 1941 жылы Берлинге қоныс аударады.  Сол жылдың аяғында Берлин ауруханаларының бірінде белгісіз жағдайда көз жұмады.
А. ЖАҚЫПОВА, ұстаз.  Алматы.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *