Қариялар батасымен көктейміз

 14bet_f26ГҮЛШАРА  ӘБДІҚАЛЫҚОВА,  Қазақстан  Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі:

 Жастарға, соның ішінде балаларымызға ата-баба тағылымынан өнеге айтар шақта, өткенге оралмай кете алмаймыз. Өткеніміз – кешегі тарих бедерінде өшпестей болып ұрпақ жадында сақталатын ерекше оқиғалар мен мерекелі күндер. Солардың бірі – Ұлы Отан соғысы. Соғыс және еңбек ардагері жайында әңгіме өз алдына. Бір ғана мамыр айында төрт мереке бар екен. Солардың ішінде 7-мамыр Қазақстан сарбаздарының күні және 9-мамыр – Жеңіс мерекесінің маңызы ерекше.
 Қос мерекеге орай, Қазақстан  Респуб-ликасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Гүлшара Наушақызы ӘБДІҚАЛЫҚОВА ханымға мына төмендегідей сауалдарды жолдаған едік.
1. Бүгінде ардагерлер сиреп барады. Сіздің оқушы кезіңізде майдангер ағалармен мектепте кездесулер жиі өтуші ме еді?
2. Өзіңіздің әкеңіз және туған-туыс-қандарыңыздан соғысқа қатысқандар болды ма?
3. Туған ауылыңызда соғыс ардагерлері бар ма? Бүгін аман  жүргендерімен кездесіп немесе телефон арқылы хал-жағдай  сұрасып тұрасыз ба?
4. Ұлдарымыз бен тәуелсіз мемлекетіміздің тыныштығын қорғап жүрген сарбаздарымызға қандай тілек айтар едіңіз?

14bet_f1101.  Әрине, ардагерлеріміздің қатарының күн санап сиреуі қынжылтатын құбылыс. Майданда қан кешіп, соғыстан кейінгі заманның барлық ауыртпалығын иығымен көтерген сол буынның өкілдерінен үйренеріміз көп еді. Біздің оқушы кезімізде майдангер аға-апаларымызбен кездесулер дәстүрлі түрде өтіп тұратын. Сұм соғыста адуынды ажалмен бетпе-бет соғысып келген ардагерлеріміз өздерінің естеліктерімен бөлісіп, балаларды бір серпілтіп кетуші еді. Қарап отырсақ, сол әңгімелер әрбір бүлдіршіннің бойында отансүйгіштікті қалыптастырып, патриоттық сезімді арттыруға өз ықпалын тигізген екен.   Оқушы күнімізде ардагерлермен тек мектеп қабырғасында ғана емес, жас «тимуршылар» (А.Гайдардың «Тимур және оның командасы» шығармасынан кейін, кеңестік оқушылар арасында қалыптасқан дәстүр) ретінде ардагерлеріміздің үйлеріне барып қолғабыс жасайтынбыз. Ол кісілердің үй жұмыстарына көмектесіп, ризашылығына бөленуші едік. 
2. Иә, менің әкем Науша қан майданға қатысқан. Оның Асау атты тетелес бауыры сол соғыста қаза тауыпты. Әкеміз Науша Әбдіқалықұлы 1941 жылы Алматы түбіндегі Талғар қаласында арнайы дайындықтан өтіп, кейіннен Ресейдің Энгельс қаласы арқылы 1942 жылдың наурыз айында алғы шепке аттанады. 1943 жылы Сталинград майданында ауыр жараланады. Емделіп жазылған соң Белорусь майданында, Курск доғасында отанымызды жаудан азат етуге қатысыпты. Бірнеше мәрте жараланғанына қарамастан, әкеміз фашист басқыншыларын қуып Германия жеріне дейін барғанымен қоймай, Жеңістен кейін екі жыл сол жақта әскери комендатурада  қызмет атқарыпты.   Сұрапыл соғыс жылдарында көрсеткен ерліктері үшін әкеміз «Қызыл Жұлдыз», II дәрежелі «Отан соғысы» ордендерімен, «Берлинді бағындырғаны үшін» медальдарымен марапатталыпты.
3. Әрине, мұндайда Мұқағалидың өлеңі еске түседі: «Неменеге жетістің, бала батыр, Қариялар азайып бара жатыр, бірі мініп келместің кемесіне, бірі күтіп әнеки жағада тұр». Сол сұрапыл жылдардың куәгерлері арамызда азайып барады. Былтыр бұрынғы барлық КСРО мемлекеттерінде Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 65 жылдығы аталып өтілді. Осы шараның аясында біздің министрлік көптеген жұмыстар атқарды. Мен өзім де аймақтарға іссапармен шыққан сайын, мүмкіндігінше сол өңірдің қарияларымен кездесіп, баталарын алып қайтуға тырысамын.  Өзім туған өңірге де барғанда дәл солай, үлкенге ізет ретінде, ол кісілермен амандасып, пікір алмасу парызым деп есептеймін. Ардагер ағамыз Ыдырыс Қалиевпен хабарласып тұрамыз. Біраз уақыт бұрын бақилыққа аттанып кеткен Көбейсін, Камал ағаларымызбен де жиі араласып тұратынбыз.  
4. Әрине, осы ұлан-ғайыр даламызды найзаның ұшымен, білектің күшімен ата-бабаларымыз бізге аманат  етіп тастап кетті. Осы аманатқа қиянат жасамай, келесі ұрпаққа жеткізу баршамыздың парызымыз. Ұлдарымыз бен сарбаздарымызға айтар тілегім, егемен еліміздің лайықты қорғаушылары болып, әрдайым отанымызға адал қызмет етіңіздер дегім келеді. 

Ізгі  тілекпен, министр              abdikalikova_podpis                       Г.ӘБДІҚАЛЫҚОВА.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *