Алтын тістері бар

Кішкентай Айнаштың шешесі:
— Айнаш, нағашы апаң жақсы ма, өзіңнің апаң жақсы ма? – деп сұрады. Сонда Айнаш:
— Өзімнің апам жақсы. Апамның жылтылдаған әдемі алтын тістері бар, — деді.
Жалт-жұлт
Айдана жаңа көйлек киіп, достарына мақтануға шықты. Ең бірінші кездескен өзінің құрбысы – орыс қызы Наташа болды. Айдана орыс тілін жаңа үйреніп жүрген.
— Мама мне платье купила – жалт-жұлт, жалт-жұлт, — деді, әдемі деген сөздің орысшасы ойына түспей.
Айнұр АЙДАРӘЛИЕВА.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *