Туған жер тақырыбы

25bet_f21Көптеген хаттарда туған жер, өз мектебі хақында жазылғаны байқалады. Ал, осы тақырыптар қалай игерілді? Әңгіме осында. Бүлдіршіндер көбіне өлеңнің көркемдігіне мән бермейді. Ырғақ, буын, ұйқас, ойды шұбыртпай ықшамдап айту ескеріле бермейді. Ақмола облысының Ерейментау ауданы, Өлеңті ауылындағы мектептің 6 «А» сынып оқушысы Мәдина Қайруллинаның «Туған жер», Алматы облысының Қарасай ауданы, Қарағай ауылынан жазған Еркежан Бауыржанқызы, осы ауданнан жазған 5 «Ә» сынып оқушысы Ерасыл Манатбеков, Талғар қаласының №7 лицейі 5 «А» сынып оқушысы Есмұрат Шарапат («Мектебім»), Алматы қаласының №167 мектебі 5 «Б» сынып оқушысы Нұрболат Есболат, Атырау облысы, Қызылқоға ауданы Ы. Алтынсарин атындағы 4 «А» сынып оқушысы Аэлита Есболатқызы («Ұстазыма»), Алматы облысы, Қарасай ауданы, Шамалған бекетінен жазған 3-сынып оқушысы Бибінұр Жұмырбаева («Мен тәртіпті боламын»), Оңтүстік Қазақстан облысы, Сарыағаш ауданы № 59 жалпы орта мектептің 6-сынып оқушысы («Ұстаз») тағы басқалардың өлеңдерін мысалға келтіруге болады. Керісінше, Солтүстік Қазақстан облысының Айыртау ауданы «Саумалкөл» қазақ-орта мектебінің 3 «А» сынып оқушысы Саида Базарбекованың «Ұлылар өскен жер» өлеңі біршама талап деңгейінен шыққан.

«Ұлылардың жүрегі
Айыртауым киелі.
Елімнің бір бөлшегі
Мәңгі есте жүреді», — деп жүрек лүпілін біл-діреді. 25bet_f12Шамалған бекетіндегі орта мектептің 5 «А» сынып оқушысы Малика Әбділдәнің, Алматы облысының, Панфилов ауданы, Шежін орта мектебінің 4-сынып оқушысы Ақнұр Құрманбайдың «Ауылым» өлеңі, БҚО, Қаратөбе ауданынан жазған Гүлвира Орынғалиеваның «Мектебім» өлеңі, ШҚО, Аягөз ауданы С.Нұғыманов атындағы орта мектебінен 6-сынып оқушысы Молдағали Мақпалдың «Ана тілі» өлеңі оқырмандар талабынан шығуға талпынғандығы байқалады.
Редакцияға түскен оқушылардың шығармалары ішінен ерекше ұнағаны Ақтөбе облысының Шалқар қаласындағы мектептің 7-сынып оқушысы Гүлзия Қуантаеваның өлеңі. Үміткер автор «Қоян мен түлкі» деген мысал өлеңін қызғылықты сюжетке құрған. Түлкінің қулығы мен қоянның аңғырттығы, қорқақтығы мысал түрінде бейнеленеді. Асылы, не жазсаң да асығып-аптықпай ойланып, өзіңе сын көзімен қарап жазған абзал.

Мен — қазақпын!
Қазақпын! Сақ, Ғұн,
Сарматтың баласымын,
Алтай, Атырау иесі даласының.
Төрт түлігін түгендеп төскейінде,
Алла деп жалғыз ғана жанашырым.
Халқыма арналады бала жырым.

Қазақпын! Әл-Фараби,
Иассауи бабам өткен,
Солардан ізгі өнеге бізге жеткен.
Қашқари, Баласағұн өз кезінде,
Білімнің бастау болар гүлін еккен.
Ұлтым Ұлы кемеңгер,  ғажап неткен.
Алтынбек ЕРМЕКҚАЛИЕВ.
БҚО, Жаңақала ауданы,
Көпжасар ауылы.

Сағынып жүрмін
Сағынып жүрмін, кіндігім кескен ауылды,
Сағынып жүрмін, ағайын-туыс, бауырды.
Сағынып жүрмін, балалық дәурен шақтарды,
Сағынып жүрмін, мейірімді сол бір қауымды.

Ең алғаш жылап, ең алғаш күлген кезімді,
Сағынып жүрмін, баяғы бала өзімді.
Алаулап мәңгі жүрегімде жаңғырған,
Сағынып жүрмін, оянған алғаш сезімді.

Сағынып жүрмін, арайлап атқан ақ таңын,
Сағындым, күннің ұясына батқанын.
Доп қуып ойнап, шаңына аунап жүретін,
Сағынып жүрмін, бала кез балғын шақтарды.
Әсел КӘРІБАЙ,
Алматы қаласы.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *