«Сиыр тепкен Сәуле» (болған оқиға)

26bet_f39Әке-шешесі туыстарының тойына кеткен. «Сиырды кешке көрші Жадыра апайыңа сауғызып аларсың» деген, кетерде шешесі Сәулеге. Сиыр өрістен келгені қашан. «Тезірек сауып алсаңдаршы» дегендей мөңіреп қояды. Жадыра апайдың қолы босар емес. Әрі күтті, бері күтті. Шыдамы таусылды. Бұрын-соңды сиыр сауып көрмеген. Шешесінің қалай сауатынына да зер салмапты.

Амал жоқ, Сәуле үйдегі сиыр сауатын шелекті қарына қыстырды. Сиырдың артынан кеп, емшегіне жабыса кеткен. Бір кезде… қытығы келді ме, ала сиыр мөңки жөнелді. Шелектегі сүт ақтарылды да қалды. Бір жақсысы, өзі дін аман. Тұяғы жеңін сипап өтті. Осы кезде Жадыра апай да жеткен.
Сиырды арт жағынан саумайды – деді ол. Сөйтті де, сауып көрсетті. Сезімтал Сәуле бірден іліп әкетті.

Бұл оқиға бүкіл ауылға жайылды. Төртінші сыныпта Сәуле үшеу. Сыныптастары мұны «Сиыр тепкен Сәуле» деп атап кетті. Оған ренжіп жатқан Сәуле жоқ. Есесіне сиыр саууды үйреніп алды.

Асылбек АҚАНОВ.

Ақсу ауданы, Арасан ауылы.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *