Әлішер Науаидің нақыл сөздерінен

3bet_f1_navoi

— Аз сөйлеп, көп тыңда. Аз сөйлеген қателеспес, аз жеген ентікпес.
— Ақымаққа ақыл айту – дауылды қолмен тоқтатам дегенмен бірдей.
— Білім мен даналық – адам көркі.
— Ақылсыз достан ақылды жау артық. Досыңмен де, қасыңмен де істес болғанда, осыны есте ұстағайсың.
— Ас – тұзбен дәмді, су – мұзбен дәмді, ал адамзат салиқалы сөзімен сәнді.
— Адам кеудесінде жаны барда Отаны үшін шайқасуға тиіс.
— Мал үшін таласпа, ар үшін талас.
— Қайтсем бұдан да гөрі баий түсер екем деген бай алтын тонға оранып отырса да, қиға қонған қоңыздай көрінбек.

ПІКІР ЖАЗУ