Сен қандай ұлансың?

6bet_f19Балалар, сендерге мына төмендегі мінездемелерді ұсынып отырмыз. Өзіңе қалаған үлгіні таңдап ал да, оның анықтамасымен таныс. Психологтардың зерттеуі нәтижесінде берілген осы пішіндер арқылы жеке басыңның  мінездемесін таба аласың.
6bet_f231. Айналаңда болып жатқан  жайттар сені басқа құрбыларыңа қарағанда көбірек ойландырады. Ойлаған ісіңді шала-шарпы тастамай, аяғына дейін жеткізесің. Көп сөйлемейсің, бос әңгіме сен үшін жат нәрсе. Достыққа беріксің. Үнемі жігерленіп,ізденіс үстінде жүресің. Оңаша қалғанды ұнатасың.
2. Өзіңше, ерікті өмір сүрсем деп ойлайсың. Бірақ, сен әлі баласың, сондықтан оның құр әуре екенін ұмытпа. Сабақты бар ынтаңмен оқығандық-тан, құрбыларыңның алдында жүресің. Кейде «өзім білемін» деп, жолыңда көптеген қарама-қайшылық-тарға кездесіп қаласың. Мұндай қиыншылыққа тап болғанда, әрине, ата-анаң көмекке келеді. Айтылған жайтқа бірден сене бермейсің.
3. Бүгінгі балалар өміріндегі жаңалықтар сені бей-жай қалдырмайды. Кез-келген жаңа нәрсені бастауға тәуекел етуге асығып тұрасың. Сыныптас  құрбыларыңның көшбастаушысы болуға ұмтыласың. Өжеттігің мен қайсарлығыңның арқасында бәрі саған көп сүйенеді.
4. Ата-анаң сен үшін барлық жағдайды жасап отыр. Сондықтан, өмір бойы осылай тек қана «бар» болса деп ойлайсың. Жолымда ешқандай қиындық  кездеспесе екен деп тілейсің. Аллатағала тілегіңді қабыл еткей. Тілегім қабыл болсын деп, қиналған балаларды көрсең, қолұшын бересің. Сол себепті, мектептегі оқушылардың көпшілігінің құрметіне ие болып үлгердің.
5. Бала болсаң да сенің өміріңде шешімін күткен мәселе жиі кездесіп қалады. Солардың бәрін өзің-ақ шеше алатыныңда еш күмән жоқ. Сыныптастарың  үнемі сенімен ақылдасып отырады. Ұстаздарың да сені жауапкершілігі жоғары оқушы деп ерекше бағалайды. Шыншылдығың мен сенімің  жаныңа айрықша күш-қуат береді.
6. Балалар түгілі жасы үлкен адамдармен де тез тіл табысып кетесің. Сабағыңа байланысты ата-анаңның уақытын алмайсың. Оңаша қалғанда, болашақ жайлы көп ойланасың. Кейде мазасызданып та кетесің. Сондай сәтте кітап оқып немесе күнделік жазып, тыныштық бермеген ойлардан серписің. Соған қарамастан, көпшілсің.
7. «Оқушымын» деп, сабақпен ғана шектеліп қалмайсың. Сені өнер мен спорттың, қоғамдық жұмыстардың белортасынан  табуға болады. Сонымен қатар, демалыс орындарына барып, серуендеуге де уақыт таба білесің. Балалар өміріне байланысты  бір жаңалық естісең, дереу сыныпқа келіп, талқылап, пікірталас ұйымдастыруға тырысасың. Жақындарыңа тосын сыйлық ұсынудан жалықпайсың, өзің де ойламаған жерден сый алғанды ұнатасың.
8. Тым әсершіл, қызуқанды баласың. Кейде ескертуге қарамай, қолды-аяққа тұрмай кетесің. Бұл әрине, дұрыс емес. Алаңсызсың. Теледидардан көргендерің  мен естігендерің сені қатты әсерге бөлейді. Содан ба, қатты арманшылсың.Тым арманшыл боламын деп, өзіңмен-өзің тұйықталып барасың.
9. Ешкімге  ұқсамай жүрген ұнайды. Сабаққа дайындалғанда да тақырыпқа байланысты қосымша деректермен толықтырып отырасың. Сенің еңбекқорлығыңда шек  жоқ. Мәдениетті сөйлейсің. Сөйлеу мәнерің мен киім киюің, жаңашылдығың, сыпайылығың мен оқудағы ізденісің  барлық оқушыларға өнеге. Сол себепті, сенімен дос болуға барлық бала асығады.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *