Дәрігер боламын

medik2Мен өскенде дәрігер боламын! Неге десеңіз, біздің отбасымызда бірнеше дәрігер бар. Менің атам – Өтешев Асқар Біләлұлы көрнекті ғалым, дәрігер, медицина ғылымының докторы, академик. Әжем де дәрігер, профессор, студенттерді жақсы дәрігер болуға үйретеді. Әкем – Талғат Асқарұлы, медицина ғылымының кандидаты. Анам – Камшат Асқарқызы – фармацевт-провизор. Сондықтан мен де қазірден бастап сабағымды жақсы оқып, ата-әжемнің, әке-шешемнің жолын қуып, үлкейгенде дарынды да білікті бала дәрігері —педиатр, ғалым  боламын. Дәрігер мамандығын алғысы келген студенттер дәріс алуды бастамай тұрып, ең алдымен гректің ежелгі дәрігері, медицинаның негізін қалаушы Гиппократқа ант береді. Дәрігерлер – өз мамандықтарына тән адал, кішіпейіл, ақ жүрек, жанашыр, сезімтал болғаны жөн.
Мерей ӨТЕШЕВА.
Алматы қаласы.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *