Менің жерұйығым

9bet_f33Менің ата-бабамның туған жері Райымбек ауданы, Саты ауылы. Албан, Қызылбөрік, Әжібай, Алтай рулары қоныс тепкен қасиетті мекен. Атақты «Көлсай» көлі талайды сұлулығымен тамсандырған. Жерлесіміз – ақын Ерұлан Бағаевтың туған жері Сатыға, сұлу Көлсай көліне бірнеше өлеңдерін арнаған.
«Астана – Бәйтерек» лауреаты, Қазақстан Республикасы Премьер Министірінің баспасөз қызметінде жұмыс істейтін жерлес ағамыз Нұрлан Қалқа:
— Барып қайттық сіз жырлаған Сатыға,
Ғажап екен, табиғаты, аты да.
Біліп қайттық сол сапарда, жан аға,
Қадіріңнің барын туған халқыңа, — деп жырына қосқан.
Қазір Сатыда «Көлсай» көлдері ұлттық қорығы жұмыс істейді.  Бұғы, марал, қырғауыл, қызыл балық сияқты сирек кездесетін аң-құстары қорғалады. Қысы-жазы дүниенің түкпір-түкпірінен туристер мен табиғатты тамашалаушылар үзілмейді.
Атамекен, туған жерім – Саты ауылының дүние жүзіне әйгілі керемет мекен екенін мен мақтаныш тұтамын. Ер жеткенде мен де туған жеріме өз еңбегімді арнаймын.
Мерей БУРАБАЙ.
Талғар ауданы,
Белбұлақ ауылы.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *