Айва мен сүзбе қосылған торт

9bet_f26Құрамы: 200 гр сары май; 3 жұмыртқа; 1 стакан қант; 1 қопсытқыш; ұн; 1 қасық лимон соуысы.
Қоспа: 450 гр сүзбе; 2 айва тілімдері; жарты стакан қант; жарты стакан қаймақ; 1 жұмыртқа; аздап тұз; корица.
Дайындау тәсілі: Жұмыртқа мен қантты араластырамыз.
Жұмсарған май мен лимон қосып көпіртеміз. Ұнға қопсытқыш қосып, бәрін араластырып қамыр илейміз. Қамырды екіге бөлеміз. Жарты қамырды тоңазатқышқа қойып, қалған қамырды тағы екіге бөлеміз де, бір бөлігін жайып, майланған ыдысқа саламыз, екінші бөлігінен пирог шеттерін жуан етіп дайындаймыз. Қамырды 3-4 жерден кесіп (піскілеп), алдын-ала қыздырылған духовкада аздап пісіреміз (көп дегенде 3 минут). Жұмсақ етіп пісірілген айва тілімдерін құрғата кептіріп, корица мен 2 қасық қант қосып араластырамыз. Сүзбеге қант, жұмыртқа, қаймақ қосамыз да, түйір қалдырмай жақсылап араластырамыз. Енді сүзбеге айва қосып, қайта араластырамыз да, бәрін духовкада жартылай піскен қамыр үстіне қоямыз. Тоңазатқыштағы қамырды пирогтың үстіне үккіштен өткізіп себеміз. Пирогты духовкаға қойып, 45 минуттай пісіреміз (беті қызарғанша). Іші шикі болып қалмау үшін ағаш таяқшамен немесе құрғақ пышақпен піскілеп тексереміз. Айваның орнына алма қоссаң да болады.
Әзірлеген: Адина ЕРҚАРАЕВА.

ПІКІР ЖАЗУ