Көрерменге базарлық

Журналымыздың биылғы жылғы 2-нөмірінде «Әнші болғым келеді» атты фильм көрерменге жол тартатыны туралы жазған болатынбыз. Наурыз айында «Мега» ойын-сауық орталығында тұңғыш рет балаларға арналған музыкалық комедияның тұсауы кесілді. Басты рөлдерде – ҚР еңбек сіңірген әртісі Лидия Каденова, «Дарын» сыйлығының лауреаты, актер Рахман Омаров, Кенжебек Шайқақов, Бауыржан Ордин фильмнің мазмұнын байыта түскен. 1 сағат 10 минуттан тұратын бұл фильмде 9 ән орындалды. Фильмнің сценарийін жазған әрі  қоюшы режиссері Данияр Саламатов. Идея авторы және продюсері Алтын Махамбетова.
Тұсаукесерге арнайы келген танымал режиссер Еркін Рақышевты сөзге тартқан едік:
— Бұл қазақ киносы тарихындағы балаларға арналған алғашқы музыкалық комедия. Кәнігі актерлермен ойнағандықтан ба, әнші ұландар сахнаға шығып төселгендіктен бе, кейіпкерлерін тамаша ойнап шықты, — деп пікірін білдірді. 
Адина Ерқараева, «МБ» тілшісі.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *