Постойна үңгірі (Словакия)

14bet_f19Табиғаты тамаша Сович тауына жақын жерде  Еуропадағы ең үлкен және әсем үңгірдің бірі – Постойна Яма («Яма» словенше — үңгір) орналасқан. Алып лабиринт залдары, өткелдері, құламалары, тоннель және дәліздерімен бірге жиырма шақырым ұзындықта созылып жатқан бұл үңгірді ХІХ-ғасырдың орта тұсында ғалымдар тауып, зерттеп келеді. Қазір үңгір Еуропаның әр тарапынан келіп, көруге ынтығатын саяхатшылардың ең сүйікті орнына айналған. Ұзындығы 7 шақырымдық тар табанды темір жол келушілерді алғашқы зерттеушілер қиындықтар-мен басып өткен қиян түкпірге дейін жеткізіп тастайды. Олар тек жылы киімдерін (өйткені Постойнаның залдары қысы-жазы 80С температураны көрсетеді), жер асты тамшыларынан қорғану үшін су өтпейтін сулықтарын алып жүрсе болғаны.
Жер асты залдарынан көптеген тасты кереметтерді кездестіресің. Солардың арасынан сымбатты ағаштарды елестететін үлкен Кипарис сталагмитін, жіңішке жіп тәрізді ағындылардан «тоқылған» Драпировка сталактитін, түрлі бейнедегі тасты бағандарды көруге болады. Іштен жарықтандырыл-ған олар қызыл, алқызыл, ашық қызыл реңктермен алмасып құлпырады. Зал қабырғалары кейде металдан құйылғандай, енді бірде піл сүйегінен жасал-ғандай құбылады. Енді бірде пойыз қаздай тізілген бағандардан өткенде тасты орманда жүргендей әсерге бөлейді. Жоғарыдан сыздықтаған тамшылар әк ерітінділерін бірге ағызып, сүңгі сияқты сталактиттерді түзсе, үңгір еденінен жыртқыш аңдардың тістеріндей сталагмиттер ырсияды. Оларға бір-біріне қосылып, қабысып кету үшін бірнеше мыңдаған жылдар қажет: өйткені олар өте баяу, жүз жылда бір милиметрдей ғана өседі.
14bet_f25Аяқ астында терең жыраның түбімен Пивка өзені бұрқырап ағып жатыр. Ол көп ұзамай жер-астына сүңгіп кетеді де, жер астымен 9 шақырым ағып барып, үңгір табанынан қайта көте-рілгенде, Уница деген атқа ие болады. Пойыз жерасты көліне тіреле тоқтайды. Бұл жерден ғажайып қосмекенділерді, тек осында ғана өмір сүретін протейлерді кездестіруге болады. Олар ғұмыр бойы жерасты қараңғылықта өмір сүргеннен кейін, көру қабілетінен айырылған. Сондай-ақ үңгірдегі өрмекшілер мен шаяндар, жер асты көлдерінде тіршілік ететін балықтар да туғаннан соқыр болады. Мұндағы көп қызықтарды тамашалауға  ынтыққан  саяхатшылар  пойызды тастап, одан әрі жақтаулары бар бетонды жол-дармен жаяу жүреді. Жол алдымен 45 метрлік биік қияға, алып құландылардан тұратын үлкен тауға көтеріледі.(Бұл жер асты елінде өз таулары да бар!). Айналаңда 10 метрлік биік бағандар мен жерден қау болып көтерілген сталагмит тоғайлар артта қалып жатады.
Бәрінен бұрын Постойной Ямадағы алып көлемді залдар мен  галереялар таңқалдырады. Мәселен, концерт қою үшін арнайы дайындалған үлкен залға он мыңға дейін көрермен сияды екен! Оның үстіне акустикасы өте жоғары. Тіптен кішігірім камералық оркестрдың музыкасы онда органның музыкасындай зорайып естіледі.
Словениядағы бұл үңгірге тең келетіндей таңғажайып үңгір  деп бәлкім, беріде ашылған (1971 жылы) Италиядағы Фразасси үңгірлер жүйесін атауға болатын шығар. Оның басты үңгірі – Гротта Гранда дель Венто («Үлкен Желдер Үңгірі»), 13 шақырымға дейін созылып жатқан ол да Постойнадан кем түспейді. Әсіресе оның Сала делле Канделине («Шырағдандар залы») залының күмбезіндегі мыңдаған кремді сталактит сүңгілері ұмытылмастай таңғажайып көрініс.
Дайындаған К.ДҮЙСЕН.

ПІКІР ЖАЗУ