Мақтануымыз керек

Өзге тілді білу дұрыс, бірақ өз тіліңді ұмытып кету үлкен қателікке жатады. Қазір қазақтан шыққан кейбір байлар өздерінше ұлт тілін менсінбейді. Өздерін «жаңа қазақтармыз» деп айтады. Олар «жаңа қазақтар» емес, жаңа құбыжықтар. Осыларды көргенде Абайдың:
Қайнайды қаның,
Ашиды жаның,
Мінездерін көргенде, — деген өлең жолдары еріксіз ойға оралады. Тіл туралы небір тамаша сөздер айтылды. «Кей-кейде дүниеден түңілсем де, қасиетті тілімнен түңілмедім» деп ұлы ақын Мұқағали атамыз бар шындықты ашып айтады.
Көп халықтар өз тілін мақтан етеді. Біз де өз тіліміз арқылы мақтануымыз керек.
Нұртілеу ТӘТІМБЕК.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *