Жұлдыз-жорамал

balik3

 

Балық        20.02-20.03
Сырыңды бөлісетін жаңа дос табасың және ол  адал достыққа ұлғая түсуі мүмкін. Дос таңдай білгеннің өзі өмірдің бір мәні екенін ұмытпа.

 

  

 

tokti1

 

Тоқты       21.03-20.04
Тоқтылар үшін айдың ортасында біраз қиыншылық туындауы мүмкін. Достарыңның арасында да түсініспеушілік болады. Дәл сол күндерде шыдамдылық таныта білсең, ай соңына қарай еркін босаңсуыңа болады.

 

 

 

torpak1

 

Торпақ        21.04-21.05
Торпақтарды осы айда жағымды жаңалықтар тосып тұр. Бастаған шаруаңды аяқтамай тұрып, басқа нәрсеге алаңдамағаның жөн. Ұйымдастырылған көңілді кештерге жиі баратын боласың.

 

 

 

egizder1

 

Егіздер        22.05-21.06
Жаңа жылдық тілеген армандарың орындалып келеді. Бұл тек бастамасы ғана. Жалқаулықты тастап, алға қарай ұмтылғаның жөн. Сабақтарыңа көп көңіл бөл.

 

 

 

 

shayyan

 

Шаян 22.06-22.07
Өзгелердің жолына түсіп, ісіне жағаласудан ештеңе ұтпайсың. Есесіне өз басыңа қиындықтар туғызып алуың мүмкін. Отбасыңмен бірге өз міндетіңді атқарып жүре бергенің абзал.

 

 

 

aristan1

 

Арыстан 23.07-22.08
Арыстандардың бұл айда туындап тұрған мәселелері оңай жолмен шешіліп кетуі мүмкін. Қалай дегенмен, бойыңдағы күш-қуатыңды жоғалтпа. Осы мінезің сені алға жетелейді, тек шыдам мен сабырлығыңды жоғалтпа.

 

 

 

bikesh1

 

 

Бикеш 23.08-23.09
Отбасыңның саған артқан үміті аз уақытта алдыңнан шығуы мүмкін. Қиналып жүрген пәндеріңді бас көтермей жалғастыруыңа тура келеді. 

 

 

 tarazi1

 

 

Таразы 24.09-23.10
Тап осы жолғы талпынысың алдай қоймас. Ақпан айы сенен аса сақтықты, талғампаздықты, төзімділікті ғана талап етеді. Талпынысыңнан тайынба.

 

 

sarishayyan1 

Сарышаян 24.10-22.11
Ойлағаныңды ақпан айында  оңай жүзеге асырасың. Бірақ бәрі өзің қалағандай нәтиже беретіні екіталай. Шешім қабылдарда артқа шегінер жол жоқ екенін ескер.

 

 

 

mergen1

 

 

Мерген 23.11-21.12
Өткен жылдағы бастаған ісіңнің аяғын осы жылы бітіресің. Оған ағайын-туғандарың да өз қолдауын аямайды. Сабақтан үздіктер қатарынан шығуды да естен шығарма.

 

 

 

taueshki1

 

 

Тауешкі 22.12-20.01
Ақпан айында тосын сыйлық күтіп тұр. Ескі достарыңмен кездесіп, отбасыңмен бірге алыс қонаққа баруың мүмкін. Жіберген қателіктеріңді жөндеуге тырысқаның жөн.

 

 

 

sukuygish1

 

 

Суқұйғыш 21.01-19.02
Шығармашылықпен айналасатын суқұйғыштар үшін сәтті ай болмақ. Талабың мен дарындылығыңның арқасында көзге түсіп, көпшілік тарапынан мойындалатын боласың.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *