Шығармашылыққа шыңдадың

Сәлеметсіздер ме, «Мөлдір бұлақ» журналының ұжымы! Журналдың ай сайынғы басылымындағы сан алуан әңгіме-ертегілер, ақын, жазушылардың шығармалары, сондай-ақ басқа да пайдалы кеңестерден оқырманның алары көп. Және де жыл сайын өтетін Аламан бәйгеге қатысу арқылы да өзіміздің көзқарасымызды кеңейтіп, білімге деген құштарлық арта түседі. Алдыңғы бәйгелерге қатысып, сыйлық алып жүргенім-мен, былтырғы «Ауылымның мәртебелі азаматы» атты бәйге мен үшін шығармашылығыма өзгеше бір құлшыныс әпергенімен сәтті болды. Себебі, алдыңғы бәйгелерде сыйлығымызды тек почта арқылы алып жүргенмін. Ал, бұл жолы арнайы Шымкент қаласына шақыртып, бас редактор Жанастан Кучукова апайдың марапаттау дипломын қолынан алып, жақсы ізгі тілектерін естіп, оның үстіне өзім секілді жеңімпаз, Оңтүстіктің әр өңірінен келген оқушылармен танысып, ой бөлістім. Шығармашылыққа деген ұмтылыс арта түсті.
Аяулым РЫСМАМБЕТ.
Сарыағаш қаласы.

ПІКІР ЖАЗУ