Ғарышты алғаш игерген кім?

10bet_f32Ғали  Мырзашев – «Қазақфильм» киностудиясы  анимация  бірлестігінің  режиссер, суретшісі, Қазақстан  аниматорлары  ассоциациясының  президенті. Оның  осы  анимация  саласындағы  көп  жылғы  еңбегінің  нәтижесі – «Соқыр», «Бет», «Аттан», «Кім  ең  мықты?» мультфильмдері.
Біз  кабинетіне  кіргенде  Ғалекең  қызу  жұмыс  үстінде  екен. Компьютер  алдына  шұқшия  отырып,
экран  бетіне  бір техникалық  құрылғылардың  сұл-басын  шеберлікпен  сызғылап  салып  жатыр. Кейін 
білдік, онысы – космодром  екен, алдындағы  биік  тұғырда  скафандр  киген  ит, адамдар. Әрине, сурет  болғаннан  кейін  олар  қимыл — әрекетсіз, жансыз  кейіпте. Оларды  қимылдатып, «тірілту» үшін  тағы  бірнеше  ондаған  мың  сурет  салу  керек. Сол  себептен де  бірнеше  адамнан  тұратын  аниматорлар  5–6 минуттық  бір  мультфильмді  дүниеге  әкелу  үшін  бес–алты  ай  немесе  одан  да  көп  уақыт  еңбектенеді. Міне, аниматор  Ғали  ағаларыңның  «мұрнынан  су  кетіп»  отырғаны  да  содан. Бірақ  сол  еңбектері  нәтижесін  беріп, мультфильмдері  дайын  болып, экранға  жарқ  етіп  шыға  келгенде, олардың  қуанышында  шек  болмай-ды. Еңбектері  жанды, төккен  терлері  жемісін  берді  деген  сол.
Монитордағы  «Байқоңыр»  ғарыш айлағы  мен  скафандр  киген  итке  қызыға  қарап  тұрып, «Бұл  қандай  мультфильм?» деп  сұрадым.
– «Байқоңыр»  деген  тө-бет  итттің  ғарышқа  қалай  ұшқаны  туралы, — деді.
– Қызық  екен.
Ой, идеясын 
қайдан  алдыңыз-дар?
– Былтыр, яғни  2010 жылы  еліміздегі  «Байқоңыр» ғарыш  айлағының  пайдалануға  берілгеніне  55 жыл  толғаны  атап  өтілді. Осы  ғарышты  игеру  кезінде  адамдар  алдымен  жануарларды  тәжірибеден  өткізген. Ғарыш  кеңістігіне  адамдардан  бұрын  «Лайка», «Стрелка» атты  иттер  ұшып  қайтқан  жоқ  па  еді. Соған  дейін  47 ит  сынақтан  өтіп, ғылым  үшін  құрбан  болған  екен. Бір  қызығы, дәл  ұшар  алдында  алдын-ала  дайындықтан  өткен  бір  ит  қашып, жоғалып  кетіпті де, қызметкерлер  даладан  қойшының  төбетін  алдырып, соның  орнына  қойыпты. Ол  ғарышқа  ұшып, аман-есен  жерге  оралыпты. Сөйтіп, ғарышты  алғаш  рет  өзіміздің  қазақтың  төбет  иті  игерген  екен. Міне, осы  оқиғаны  негізге  алып, 10 минуттық  мультфильм  жасап  жатырмыз.
– Бұл  өзі  таңқаларлық  жағдай  екен. Қашан  дайын  болады?
– Алла  қаласа, алдағы  көктемге  дейін 
бітірсек  деген  ойымыз  бар. 2011 жылдың  12  сәуірінде  тұңғыш  ғарышкер  Юрий  Гагариннің  ғарышқа  ұшқанына  50 жыл  толады  екен. Соған  арнайы  дайындағандай  тарту  болайын  деп тұр.
– Ендеше  еңбектеріңіз  жансын!
– Рақмет.

    К. ДАРБАЗИ.

ПІКІР ЖАЗУ