Әліппе — оқу анасы

13bet_f14Мектептерде  бірінші сынып  оқушылары  «Әліппе»,  «Букварьмен»  қоштасып, өздерінің қабілетін байқатты.
Жақында Қарғалыдағы  Әсет  Бейсеуов  атындағы  мектепте  «Букварьмен»  қоштасу сәтінің  куәсі болдық. Аталған  мектепте  ұзақ жылдардан  бері бастауыш  сыныпқа  білім беріп  келе  жатқан  ұстаз  Гүлістан  Рашидова  құдды  алғаш  рет осындай  шара  өткізіп жатқандай  қобалжулы.
— Балаларым,  тақпақ, өлеңдерін  ұмытып  қалар  ма екен?  Көпшілікті  көргенде  абыржып  қалатын  әдет  бала түгіл  үлкендерде бар ғой,- деп  бәйек қағып  жүр. Сонымен,  мереке  басталды. Сахнада  қаздай  тізілген  шәкірттер  білгендерін  ортаға салып,  өнерлерін  көрсетті.
— Міне,  балалар, біз  сендердің  бар білгендеріңді тамашаладық. «Букварьді» толық меңгергендерің  өз  бетінше әдеби  шығарма оқып, шығарма  жаза алады деген сөз. Біздің мектепті  бітіргенше  сендерді  тек өнегелі қырларыңмен  танып,есімдеріңді мақтанышпен атап жүрейік, — деп  мектеп директоры  НұржаҺан  Арғынбаева тілегін айтты. Мектеп жанындағы  шағын орталықта оларды  тәрбиелеп, білімнің алғашқы  баспалдағынан  өткізген  Айтбала  Татарбайқызына ризашылығын  білдірген  ата-аналар балаларының  қадамдарына сәттілік тіледі.
Айгерім  Шүкіралина.
Алматы облысы,  Жамбыл ауданы.

ПІКІР ЖАЗУ