«Құймақ» салаты

9bet_f25Құрамы: құймақты əзірлеуге: 3 жұмыртқа, жарты стақан сүт, 1 қасық май, мөлшермен тұз, қант, ұн, шербет үшін: 1 сəбіз, қуырылған 2 жұмыртқа, тұз, май қажет.
Дайындау тəсілі: Алдымен тұздығын дайындап алу үшін майда туралған сəбізді майға қуырып, оны бұрыш пен тұз қосылып қуырылған жұмыртқаға араластырамыз. Ол біраз суығанша құймақты əзірлейміз, 3 жұмыртқаны жақсылап араластырып, оған жайлап ұн қосамыз. Сүтке қант, тұз салып ерігенше араластырамыз. Құймақты пісіріп болғаннан соң дайын болған тұздықты арасына салып, мүмкіндігінше сыртына қаймақ немесе май жағып дастарханға қоямыз.
Астарың дəмді болсын!
Əзірлеген: Адина ЕРҚАРАЕВА.

ПІКІР ЖАЗУ