Отбасы жəне махаббат

10bet_f110немесе, ар алдында қайсысы күшті?..
Редакциямызға оқырманнан өтініш келіп түскен соң, жасөспірімдер арасында қазіргі телеарналарда көрсетіліп жатқан сериалдар жайлы сауалнама жүргізген едік. Ұл-қыздарымыздың көпшілігі «Генджо» фильмінің тəрбиелік жағынан да, достық пен махаббатқа беріктігі жағынан да өнегелі тұстарының көп екенін əңгімелеген еді. Оқырман өтінішіне орай, фильмнің негізгі кейіпкерлері жайлы қысқаша айтып бергенді жөн көрдік.
101Басты рөлдегі ер жүрек жігітіміз Генджо — Алпай Кемал Аталан. 1978 жылы 9 қаңтарда Түркияның Зонгулдак қаласында дүниеге келген. Жастайынан жаны өнерге жақын ұлан мектеп қабырғасында оқып жүріп,театр курсына барып, рөлдерде ойнауға машықтанады. Кейін мамандық таңдау кезі келгенде əкесі: «Балам, саясатшы немесе, елші бол!» деген ұсынысын айтады. Алпай Кемал: «Əке, мен өнерге жақынмын, бағымды осы салада сынап көрсем»-дейді. Ұлының таңдауына отбасы қолдауын көрсетеді.
Мектепті Анкара қаласында бітіреді. Бірден жолы болып,таңдаған Билкент атындағы университетіне түсіп, театр бөлімін тəмамдайды. Сол кезде-ақ оған «Жарты алма» фильміне түсуге ұсыныс айтылады. Ə дегеннен оның алғашқы өнер жолындағы қадамы осылай басталады. Содан кейін «Балаларым», «Аһ, Ыстамбұл», «Қасірет» сериалдарда басты рөлдерде ойнайды. «Генджо» сериалына түсу ұсынысы келген кезде, ол өзіне-өзі: «Бұл сериалдағы кейіпкермен мінез-құлқым сəйкес келе ме? Мен бұл кейіпкерден өзімді көре аламын ба?» деп сұрақ қойып, оған іштей дайындалады екен.
— Ал, мына сериал өзімнің шынайы өміріммен көп байланысы бар. Ең басты-
сы кейіпкеріммен арадағы ұқсастық-қарапайымдылық. Сериалға түсер алдында бір жарым ай пианино курсына барып үйренуге тура келді, сонысы қиындау болды,- дейді бас кейіпкер сұқбатында.
Əділеттілік пен адамгершілік, махаббат пен достық арасында күйіп-пісіп, таңдау жасай алмай күйзеліп жүрген ханшайым Пынар — Селен Сейвен. 1986 жылы 2 сəуір күні Түркияның Анкара қаласында дүниеге келген. Аталмыш қалада білім алған. Мүждат Гезен атты өнер орталығында 4 жыл театр бөлімінде оқиды. Түркияның атақты режиссері Езел Акайдың жиені. Бірақ өзінің айтуы бойынша, алғаш өнерге қадам басуына ағасы ықпал еткен. Бастапқыда қысқа ғана рөл алып ойнап, көрермен ойынан шығып, жағымды кейіпкерге айналған Пынардың ең алғашқы сериалы — «Генджо». Сериалға түсер алдында, Селен сериалдағы Пынармен шынайы өмірі екі түрлі екенін бірден айтып берген.
— Мен бұл сериалдағы Пынар өмірімен өзімнің шынайы өмірімді еш ұқсата ал-маймын. Өйткені, мен Пынарға мүлде
ұқсамаймын. Жыламсырап, сезімге тұн-
шығып жүре алмаймын. Мен сөзімде тұра-тын адаммын. Қашанда, əділеттілікті жақтаймын. Сүйікті ісім — атқа міну. Егер менің шынайы өмірімді білгіңіз келсе, «Гүлшен» сериалын көріңіз. Міне, сол рөлде мен нағыз Селенмін, — дейді.
Пынар мен Генджоның арасында махаббат сезімі бар ма деген сұраққа, екеуі де «Жоқ!» деп жауап қатқан. Пынар «Генджоның сүйіктісі бар, жəне ол оны қатты сүйетінін білемін» деген. Негізінде сериалда ғашықтар рөлін сомдаған актерлер шынайы өмірде қосылып жатады, ол таңсық емес. Мұндай мысалдар түрік сериалында көп. Ал, бұл сериалдағы актерлерді кім біледі ?.. Бұл сұрақтың түйінін уақыт еншісіне қалдырдық.
Дайындаған
Данилия ҚЫПШАҚБАЕВА

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *