Тең ойын

11bet_f42Шахматтағы барлық ойын жеңіспен аяқтала бермейді.
Екі жақ та жеңіске жетпей¬тін жағдайлар кездеседі. Он¬дайда, партия тең нəтижемен тəмамдалады. Енді «пат» деген-нің мағынасына үңіліп көрейік. Жүріс кезегінде шахматшының хан тасы шахқа түспей, жүріссіз қалуын, басқа ойын тастары тұрса да жүрістің бол¬мауын «пат» деп атайды. Осы¬лайша, хан тасы қамалып қалған жағдайда тең ойын нəтижесі болады. Бірінші диаграммада ойын ортасында шиеленіскен по¬зицияда тастардың тең дəрежеде тұрғанын байқауға болады.
Ал, екінші диаграмма¬да қара жағының күші басым. Өйткені уəзір кемеге қарағанда күштірек.
Дегенмен ақ жағы дұрыс жүрсе, ойын тең нəтижемен аяқталады. Тең шығару үшін кеме қара ханға шах жариялай береді. Хан өз кезегінде «е» бағытына келе алмайды. Себебі кеме уəзірді байлап алады.
Ал, егер де хан h3 шаршы¬сына дейін келсе, кеме h2-ден тағы да шах жариялайды. Осы кезде хан шегінуге тура келе¬ді. Ал, егер кемені жесе, онда пат болады!
Тең ойын негізінен мынандай жағдайларда болады:
1. Пат болғанда;
2. Шексіз шах кезінде;
3. Ойын соңында ұтысқа мүмкіндік болмағанда;
4. Ойыншының күші басым жағы 50 жүріс ішінде қарсы жақтың ханына мат қоя алма¬са; осы уақыт аралығында басқа ойын тасы желінбесе; сондай-ақ жаяулар орнынан қозғалмаса;
5. Екі шахматшы бірдей ойын жағдайына 3 рет қайталағанда;
6. Шахматшылар ойын үстінде өзара «тең» ойынға келіссе;
7. Тақта үстінде екі хан тасы ғана қалса немесе ат не піл фигураларының біре¬уі қалған жағдайда тең көрсеткішпен аяқталады.
Нұрлан ҚҰМАР.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *