Шахмат шаһзадасы

11bet_f33Дəрмен Садуақасов – қазақ шахматшысы. 1979 жылдың 28 сəуірінде Астана қаласында туған. Л.Гуми¬лев атындағы Еуразия Мемлекеттік университетінің аударма ісі факультетін бітірген. 2009 жылдың қыркүйегінен Қазақстан Республикасы президент əкімшілігінде қызмет істейді. 1998 жылы 20 жасқа дей¬інгі жас жеткіншектер арасындағы əлем біріншілігінің чемпионы болып, халықаралық гроссемейстер атағын алады. Осы жеңісі үшін 1998 жылдың желтоқсанында Елбасы Н. Назарбаев оны «Құрмет» орденімен мара¬паттайды. 2001, 2003, 2004 жылдары ерлер арасында Қазақстанның үш дүркін чемпионы тəжін киеді.
2004 жылы Копенгагендегі (Дания) халықаралық тур¬нирде бірде-бір жеңіліс көрмей, бірінші орыннан табыла¬ды. Ал 2009 жылдың қазанында Үндістанның Хайдара¬бад қаласында өткен Азия біріншілігінде мүмкін болған 9 ұпайдан 6,5 ұпай жинап, жеңіс тұғырынан көрінеді. Отыз бір жасар жас гроссмейстердің алдағы күндері де жеңіс тұғырынан табалатынына сенімдіміз.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *