“Қара жорға” — қанды қыздырады

10bet_f25«Қара жорға» биі… Қазір алты жасар баладан алпыс жастағы кəріге дейін осы биді билеуге құмар. Өзгелер «Қара жорғаны» билеп жатқанда, сен де қарап тұра алмайсың. Қол-аяғыңды қалай қимылдатып билей жөнелгеніңді сезбей қаласың. Өйткені, «Қара жорға» біздің қанымызда бар. Ата-бабаларымыз билеген бұл би бүгінгі күні қайта жаңғырды. Қытай елінде өзіміздің ұлттық биімізді
13 мыңнан астам адам бір мезгілде билеп, Гиннестің рекордтар кітабына енгізгені əлемге аян.
«Қара жорға» биінің ғұмырына көз салсақ, кейбір зерттеушілер бидің тарихы 7 ғасырдан ары асатынын айтады. Тіпті мұны Шыңжаңның Алтай аймағында қоныстанған Керей руының биі екенін айтушылар да бар. Бірақ биден бұрын «Қара жорға» күйі шыққан екен. Қытайдан келген қандастарымыздың айтуынша, баяғыда бір байдың тайпалаған қара жорғасы болыпты. 10bet_f19Ұзатылып бара жатқан байдың жалғыз қызы əкесінен қалың малының өтеуіне осы қара жорға атты сұрайды. Бай қатты қиналса керек. Берейін десе жорғасын қимайды, бермейін десе жалғыз қызының көңілін қимайды. Сонда əкесі қызына «Қара жорғаны бір тайпалтып жорғалатшы. Жат жұртқа əкетіп барасың ғой», — деп өтініш айтса керек.
Иə, «Қара жорға» ғажап би! Қазір мектебімізде сабақ басталар алдында күнде таңғы жаттығу орнына барлық оқушылар, ұстаздар əуенге қосылып, «Қара жорға» биін жарыса билейміз. Бұл бір жағынан ұлттық биімізді насихаттау
болса, бір жағынан дене шынықтыру жаттығуы, спорт. Биден кейін балалар өздерін сергек сезініп, сабаққа деген ынтасы артады. Бүкіл мектеп, мекемелерде «Қара жорға» биін əр қазақ билесе, нұр үстіне нұр болар еді…
Толғанай АСЫЛХАНОВА.

 

«Қара жорға»
Əні халықтыкі, өлеңін жазған М.Тұрдақын, С.Қалиев
— «Қара жорға» болмаса,
Бидің сəні келе ме?
Бүрмелі көйлек кимесе,
Қыздың сəні келе ме?
Қозсын барлық делебе,
Қан тарасын денеге.
Қара жорға болмаса,
Тойдың сəні келе ме?
«Қара жорға» — «Сал күрең»
Тарихын біл алдымен.
Бабалардан жалғасқан,
Тағылымы бар білем.
Жорғалаған күй майда,
Бұған жетер би қайда?
Ойнаңыздар, жамағат,
Билеңіздер мұндайда.
Биле, биле, жігіттер,
Жанып тұрған үміттер.
Шыққанынша тоқтама,
Маңдайыңнан тұнық тер.
Биле, қыздар, бұралып,
Сауық-сайран құралық.
Сұлулардың көркіне,
Тамсанып біз тұралық.
Ал, жігіттер, қыраным,
Алашқа айтар ұраным.
Сендерсіңдер қорғаны,
Мынау байтақ мұраның.
Көк байрағым желбіреп,
Қуантыңдар елді тек.
Шашу шашсын əжелер,
Жүректері елжіреп.
Ғашық жандар тіл қатып,
Жүректерін жырлатып.
Қыз бен жігіт қосылып,
Билеу деген бір бақыт
Биле, биле, сұлуым,
Қандай ғажап күлуің.
Сыртылдасын саусағың,
Былқылдасын буының.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *