Антуан де Сент-Экзюпери

12bet_f25Француз халқының əйгілі классик жазушысы Антуан де Сент-Экзюпери 1900 жылдың 29 маусымында Лион қаласында дүниеге келген. «Оңтүстік почта тасушы», «Түнгі ұшу», «Адамдар планетасы» сияқты кітаптардың авторы. Оның ең танымал, балалар классикасына айналған шығармасы – «Кішкентай шаһзада» кітабы.
Француз халқының əйгілі классик жазушысы Антуан де Сент-Экзюпери 1900 жылдың 29 маусымында Лион қаласында дүниеге келген.
«Оңтүстік почта тасушы», «Түнгі ұшу», «Адамдар планетасы» сияқты кітаптардың авторы. Оның ең танымал, балалар классикасына айналған шығармасы – «Кішкентай шаһзада» кітабы.
Антуан де Сент-Экзюперидің балалық шағы Лион қаласында өтеді. Отбасындағы бес баланың үшіншісі. Төрт жасында əкесі Жан де Сент-Экзюпериден айырылып, анасы Мари де Фонколобтың тəрбиесінде өседі. 1912 жылы Амберьедегі авиациялық алаңда Сент-Экзюпери алғаш рет ұшақпен көкке көтерілді. Ұшақты əйгілі ұшқыш Габриэль Вроблевски басқарған еді.
1908 жылы ол Қасиетті Варфоломей ағайынды христиандар мектебіне түседі. Содан кейін бауыры Франсуа екеуі Манстағы Сент-Круа иезуиттік колледжінде 1914 жылға дейін оқиды да, одан əрі оқуын Швейцариядағы колледжде жалғастырады. 1919 жылы Өнер академиясының архитектура бөлімінде тыңдаушы болып қабылданады.
12bet_f32Оның өмірінің бетбұрыс кезеңі – əскерге шақырылудан басталады. Жоғарғы оқу орнына түскендігі туралы кепілдемені ұзартып алады да, Антуан Страсбургтегі атқыштар авиациясының 2-полкіне жазылады. Алдымен оны жөндеу шеберханасына жұмысшы етіп алады, көп өтпей ол азаматтық ұшқыштарды дайындайтын оқу орнының емтиханын сəтті тапсырады. Содан кейін ол əскери ұшқыш ретінде қызметін бастап, 1923 жылы ұшақ апатына ұшырап, басынан зақым алады. Жұмыстан босап қалғаннан кейін Парижге орын теуіп, жазушылықпен шұғылданады.
Тек 1926 жылы өзінің негізгі кəсібіне қайта оралып, «Аэропосталь» компаниясына ұшқыш болып орналасады. Пошта тасушы ұшақта қызмет істеп, Тулуза, Касабланка, Аргентина, Оңтүстік Америка, Дакар, Сахара жəне тағы басқа елдер мен қалалардың арасында қатынап, пошта тасиды. Ал 1939 жылы Германия Францияға соғыс ашқан екінші күні өзі сұранып əскери ұшқыштардың қатарына жазылып, барлаушы-ұшқыш қызметін атқарады. 1944 жылдың 21 шілдесінде барлау мақсатымен Корсика аралынан ұшып шыққан ол сол кеткеннен қайтып оралмайды.
Антуан де Сент əр жылдары үлкендерге арнап ұшқыштар өмірінен «Оңтүстік пошта тасушы », «Түнгі ұшу», «Адамдар ғаламшары» сияқты кітаптар жазғанымен, 1943 жылы кітап болып жарыққа шыққан «Кішкентай шахзада» атты шағын шығармасымен үлкендердің де, балалардың да жүрегін жаулап, əлемге əйгілі болады.
Өлерінің алдында дүниеге əкелген бұл шығармасында Экзюпери үлкендерге де, балаларға да көңіл аударып, үлкендер мен балалардың арасындағы қарым-қатынасты, өмірлік құндылықтарды философиялық тұрғыдан ашып көрсетуге тырысады. Философиялық дегеннен қорқа көрмеңдер. Өмірдің салмақты да терең құбылыстарын қарапайым да, бəріне түсінікті тілде жеткізуге болады екен. Əсіресе əзіл мен юморды шеберлікпен қолдана білсең. Ал Сент-Экзюпериде ол қасиет молынан табылатын.
«Пілді жұтқан жыланның суретін салсаң, үлкендер оны «қалпақ» деп бой бермейді, — дейді «Кішкентай шаһзаданың» авторы, өзінің қалайша суретші емес, ұшқыш болуға мəжбүр болғанын түсіндіре келіп, — Үлкендерге бəрін тəптіштеп түсіндіру керек. Үлкендер сандарды өте ұнатады. Егер оларға: «Мен жаңа дос таптым » десең, олар: «Оның даусы қандай? Қандай ойындарды ұнатады? Далада көбелек қуады ма?» деп, ең маңыздыларын сұрамайды. Олар: «Оның жасы қаншада? Қанша бауыры бар? Салмағы қанша екен? Оның əкесі қанша табады?.. – деп сұрайды». Əрине, ол үлкендерді сынағанда, барлығын емес (өйткені оның өзі де үлкендер қатарында ғой), балалық шағын ұмытқан, өздерін «салиқалы адамдармыз» деп санайтын, тек «ақша жасайтын», əр уақыт сандарды санаумен əуреленіп, еш уақыт гүл иіскеп көрмеген, жұлдыздарды тамашаламаған, ешкімді сүйіп көрмеген адамдарды ғана сынайды.
Кең байтақ Сахара шөлін көз алдарыңа елес-тетіп көріңдерші. Шексіз, шетсіз құмның ортасында, адам тұрағынан мыңдаған шақырым жерге қозғалтқышы бұзылған ұшақ қонуға мəжбүр болады.
Ал ұшқыш оны жөндей алады ма, белгісіз.
Міне, осы кезде ол кейін біртін-біртін айқындала түскен өте шағын ғаламшардан келген «кішкентай қызықты адамды» көреді. Ол тұратын ғаламшар өте шағын, орындықты жылжыта отырып, күннің батқанын қай уақытта болсын тамашалауға болады, ал қаулап өскен баобаб тамырлары оны жарып жіберер еді. Кішкентай шаһзада өз ғаламшарының саналы да ақылды иесі болғандықтан, баобабты сиретіп, жанартауды тазартып жəне өзінің сүйікті, əдемі раушан гүлін күтетін. Бірақ раушангүл өзінің ерке-шолжаң, қырсық қылықтарымен оны жиі ренжітетін, содан ол күндердің бір күнінде кетуге мəжбүр болды.
Кішкентай шаһзада аралап шыққан барлық өзге ғаламшарда ол өзін тура жəне ауыспалы мағынада бөтен сезініп, іш пыстырардай қызықсыз көріп, жалығып кетті. Ол Корольде болып еді, ол тек орындалуы тиіс бұйрықтар берумен болды (мəселен, ол күн батарда «күн батсын» деп бұйыратын), жəне өзін шексіз құрметтеген, бəрінен əдемі, ақылды, күшті, бəрінен асып түскен бай деп мақтағанды ұнататын. Алайда ол сол ғаламшардың жалғыз ғана тұрғыны еді. Бір маскүнемде болып еді, ол сол маскүнемдігін ұмыту үшін ұялып ішеді екен; бір іскер адамда болып еді, оның сөз сөйлеп шағымдануға, өмір сүруге де уақыты жетпей, тек есептеумен айналысады екен; шырақшыда болып еді, ол баяғыда күшін жойған бір бұйрықты орындаймын деп, көшедегі шамды жандырып, өшірумен ғана болады екен; бір ғалымда болып еді, ол кітапқа шұқшиып алып, айналасын көрмейді, көруге де зауқы жоқ екен… Сонымен Кішкентай шаһзада адамдар қандай мағынасыз іспен айналысады деп таң қалумен болды. Ал, оның қарапайым да риясыз сауалдары олардың соқыр, даңққұмар, өзімшіл, сараң да қытымыр, бəріне немқұрайлы қарайтын бет-бейнелерін əшкерелеп тастайтын…
Бірақ бұл ертегі ең бастысы жеккөрушілікке емес, сүйіспеншілікке құрылған еді. Жəне ол əзіл-сықақ реңкте жазылғанымен, күлкі етіп тұқыртуды да мақсат тұтпаған. Шөл далада (Сахара шөлінде, əрине, сонымен бірге бүгінгі əлемнің шөлінде, «маңғаз іскер адамдардың» арасында) ол жалғыз. «Мен дос іздеп жүрмін» — дейді ол Түлкіге. Ал Түлкі: «Егер досың болсын десең, мені үйрет» дейді. Яғни, бұл – бір-бірімізге деген бауыр басу болсын деп түсіндіреді. Қазірше сен мен үшін өзге мыңдаған бала сияқты бір кішкентай баласың. Сенің маған керегің жоқ. Менің де саған қажетім жоқ. Мен де сен үшін өзге мыңдаған түлкі сияқты, бір түлкімін. Егер сен мені үйретсең, біз бір-бірімізге керек боламыз. Сен мен үшін бүкіл əлемдегі жалғызым боласың. Мен де сен үшін бүкіл əлемдегі жалғызыңа айналам». Кішкентай шаһзада Түлкінің ақылды сөздерін бірден түсінді: «Бір раушан гүл бар… бəлкім, ол мені өзіне үйреткен болар…»  Сент-Экзюперидің тілінде «Үйрету» дегенің өзге біреумен ыстық байланыста болу, оған деген нəзік сезім, сүйіспеншілік жəне оның тағдырына деген жауапкершілікті білдіреді. Дəл сол себептен де өз ғаламшарындағы раушан гүлі мен осы жерде өсіп тұрған раушан гүлдің айырмашылығы жер мен көктей: «Сендер əдемісіңдер, бірақ жай ғана гүлсіңдер» — деді оларға Кішкентай шаһзада. – Өйткені, мен сендерді емес, өз ғаламшарымдағы гүлді күн сайын суарамын. Сендердің емес, оның үстін шыны қалпақпен жабамын. Оны желден қорғаймын… Ол – менікі… Мен ол раушан гүлдің алдында жауаптымын».
Иə, Кішкентай шаһзада Түлкінің сөзін жай қайталаған жоқ, ұмытпау үшін қайталады: «Кімді үйретсең, сен соның алдында жауаптысың». Сендер де, балалар, осыны көңілдеріңе түйіп алыңдар. 
Дайындаған:
Кеңес ОРАЗБЕКҰЛЫ

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *