Карикатура – күлкі тура

Біздің журналдың балғын бояу шеберлері!
«Мөлдір бұлақпен» достасып, сурет салып, редакцияға жолдаған əрбір туындың ескерусіз қалмайды. Журнал
бетінде жарияланған суреттеріңді сараласақ, сен тербемеген тақырып қалмаған сияқты. Көздің жауын алатын небір суреттерің журнал бетінде жарияланып, өзіңдей көптеген құрбыларыңа ой салды. Олардың да жандүниесі шығармашылық кемесінде тербеліп, хат жазып, суреттерін бізге жолдауда.
Ойланып көрші!
Сенің қиялың жетпеген сурет жанры қалды ма? Сен бұл сұраққа кідірмес-тен: Жоқ, қалмаған сияқты дейсің. Иə, бір қарағанда, солай сияқты. Салған суреттерің: пейзаж, портрет, жан-жануарлар, өсімдіктер əлемі болып бірнеше тақырыпқа бөлініп кете береді.
Ал, сурет салудың тағы бір түрі – карикатура, əзіл суреттер салу да саған таңсық емес шығар. Əзіл суреттер
салу – жан жадыратар, əзіл мен күлкі, терең қиял мен шеберлік астасқан өнер емес пе. Ендеше, жас дос, өзің жəне өзіңдей басылымымыздың жүздеген оқырмандары шеберліктерін карикатура, əзіл сурет саласында шыңдап көрсін деп, «Карикатура – күлкі тура» байқауын жариялап отырмыз.
Қыл қаламы жүйрік жас суретшілеріміздіѕ аты аламан бəйгеден озып келсе, арнайы сыйлықтармен марапатталады.
Бас бəйге: Ұялы телефон
І орын: DVD-ойнатқыш
ІІ орын: 2 скейт
ІІІ орын: 3 флешка
Карикатура байқауына қатысқан барлық өрен мəреден құр алақан қайтпайды. Оларға арнайы диплом табыс
етіледі.
Қане, достар! Бояуларың мен қыл қаламдарыңды сақадай сайлап, қиял-ғажайып күлкі əлеміне сүңгуге дайынсыңдар ма? Кеттік! Редакцияның мекен-жайы сенің жадыңда сайрап тұр. Бүйірі қампиған суретке толы хаттарыңды күтеміз. Іске сəт!
Бəйге 2010 жылдың қыркүйегінен басталып, 2011 жылдың наурызына дейін жалғасады.
Редакциядан.

ПІКІР ЖАЗУ