«Елім деп соққан жүрегім»

21bet_f11Арқыраған ағынды өзен жағасында,
Жыр жаздым ерке Есіл сағасында.
Əндеттім Қазақстан даласында,
Гүл тердім Сарыарқаның саясында!
Хан тəңірі, Талғар шыңдарында,
Алатау, Алтай тауларында.
Мен туыппын Жетісу алқабында,
Ағынды Ақсудың арнасында.
Жаралдым тұлға болып елін сүйген,
Даналар сөз мəйегін еске түйер.
«Отан үшін отқа түс» күймейтін,
Болашақпын тыныштықты күзетер!
Ойым өсіп, санам бекіп ержеткенде,
Ойландым елімнің ертеңіне.
Отаным мені əлдилеп тербеткенде,
Күзетермін жерімді ел шетінде.
Қазақстан – Еуразия жүрегінде билік етіп,
Елбасымен көктедік біз де гүлдеп.
«Балапан», «Ауылға дипломмен» саясында,
Өркендейді қазағым «жол карта» аясында!
Дамырмыз Азия барысындай,
«Нұрлы көш» керуені сəн түзеді.
Ана тілі мемлекеттік тіл болып,
Ырыс, бақыт, татулық қолға қонды!
Қазағым, өркендеші,
теңелші елу елмен,
Халық санын көбейтші ұланғайыр жерімен!
Бəсекеде дем берейік Елбасына үмітпен,
2030-жобасын орындайық сеніммен!
Елдос ТОҚТАРБАЕВ.
Алматы облысы, Ақсу ауданы, Арасан ауылы.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *