Тіл жүрегімде

Қазақ халқының ана тілі – қазақ тілі. «Қазақ тілі өткірлігімен бой балқытып, тамыр шымырлатып, жан жүрегіңді жандырып, құлақ құрышын қандырып, ұғымыңа қонымды, жүрегіңе тиімді» — деген-ді халық қаһарманы Бауыржан Момышұлы. Ана тілі – ана сүтімен бойыңа дариды, ана тілінен артық киелі де, қасиетті дүние бола ма? Иə, төл тіліңді жетік меңгеру арқылы өз халқыңның өткені мен бүгініне тереңірек үңіліп, болашағыңды болжай аласың. Ұлттық мəдениеті жоқ ел өз алдына мемлекет болып өмір сүре алмайды. Дүниежүзіндегі əрбір халық ұлттық мəдениетін, ана тілін сақтап қалу үшін ұмтылады. Сондықтан кез келген халық жəне мемлекет өзінің салт-дəстүрін, ана тілін айрықша қорғайды. Əр халықтың жер бетінде пайда болғаннан бергі басынан кешкен өмірі, ерлік істері, аңыз əңгімелері, шығармалары, табиғат пен қоғамдағы құбылыс атауы, жалпы адамзаттың ой-сезімі – бəрі-бəрі ана тілінде сақталады, ана тілінде оқып білеміз, үйренеміз. Əр халықтың тарихта қалуы тіліне байланысты.
Ана тіліміз қазірде үлкен күре жолда. Əр патриот елін, жерін сүйетін азамат «Ана тілі – қазақ тілі» — деген сөзді көкірегіне емес жүрегіне жазатын, жадында сақтайтын уақыт жетті.
Ертуған БАЯРХАН.
ШҚО, Үржар ауданы, Көкөзек ауылы.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *