Менің Отаным

4bet_f42«Менің Отаным – Қазақстан» деп дүние жүзінің балалары еститіндей бар даусыммен айтқым келеді. Өйткені, мен Отанымды сүйем, мақтан етем. Отаным – Қазақстанда қазақ болып туылып, қазақша сөйлеп, суын ішіп, жерін басып жүрген біздер – бақытты балалармыз.
Н.Ə.Назарбаевтай Елбасымыз бар. Біздерге заман талабына сай жаңа мектептер салдырып берді. Кең де, жарық, əсем сыныбымызда біз тек қана жақсы оқып, басқаларға үлгі болуымыз керек. Өзіміздің салт-дəстүріміз, дініміз бар, оған қоса туымыз, əн-ұранымыз, Ата заңымыз тағы бар. Ата-бабамыз сақтап қалдырған осы мұраны біз жалғастырып келеміз.
Жақсылық ТƏЖЕН, №147 мектеп-гимназиясының оқушысы. Алматы қаласы.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *