“Қаңбақ шал” қанжығасын майлап қайтты

10bet_f18Алматыдағы мемлекеттік қуыршақ театры жуырда Чехия астанасы Прага қаласында өткен XIV  дүниежүзілік қуыршақ өнері фестиваліне қатысып, «Үздік театр декорациясы жəне қуыршақ дизайны» атты аталым бойынша қанжыєаларын майлап, елге бас жүлдемен оралды. Сүйінші хабарды естіген біздің тілшілеріміз театрєа келіп, əртістердің қуанышымен бөлісті.
Құшақ жая қарсы алған театр директоры Мəдениет Мұғалімұлы бізді бірден театр жұмысымен таныстырды. Театр осы уақытқа дейін де біраз байрақты бəсекелерден жүлделі оралған. Атап айтсақ, 2008 жылы Мəскеуде, 2009 жылы Бурса (Түркия), Гуаньчжоу (Қытай) қалаларында өткен сайыстар.
— Мəдениет Мұғалімұлы, құрлықтың арғы жағынан қанжығалаған бас жүлделеріңізбен құттықтаймыз. Қазақтың «Қаңбақ шалының» дүниежүзілік байқауда бас жүлделі болуының сыры неде?
— Ең бастысы, жат жерде қазақтың қандай халық екенін тағы бір паш етіп қайттық, біздің қуаныш – осы. Дүбірлі додадан жүлделі оралуымыздың сыры – театр ұжымының еңбекқорлығы. Аталған фестивальға дайындығымыз жоғары дəре-жеде болды. Осы жылдың 31 мамыры мен 6 маусымы аралығында Дүниежүзілік қуыршақтар ассоциация-сы аясында өткен бұл байқауға 273 өтініш келіп түскен еді, соның ішінен 44 ел іріктелініп алынды. Солардың қатарына біз де іліндік. Бізді жеңіске жеткізген – еңбекқорлығымыз бен ұлттық құндылығымыз.
10bet_f24— Қуыршақ театры – балалардың балғын армандары мен қиялдары тоғысатын орын. Сондықтан, олар жаңалықты, ерекшелікті күтеді емес пе?
— Əрине, балаң көңіл жалғандықты көтермейді. Сондықтан біз əрдайым жаңалыққа ұмтыламыз. Мысалы, осы жылы қазақтың қара домбырасы мен ойқастаған «Ортекесін» насихаттау жоспарда бар. Еліміздің əр түкпіріндегі «Ортекені » жоғары деңгейде меңгерген орындаушыларды жинақтау, сыннан сүрінбей өткен жеңімпазды шет елге шығарып, қазақтың ұлттық өнеріндегі ерекшелігін əлемге паш ету — біздің көздеп отырған мақсатымыз. Бүгінгі күнде «Атамекен », «Қызыл телпек», «Тарқамайды тойымыз» атты қойылымдармен қоржынымыз толықтырылып отыр.
— Театрға балалардың келуі бүгінгі таңда қаншалықты дəрежеде?
— Бастапқыда театрымыздың 1- 2-ақ көрермені болғанымен, біз оған мойыған жоқпыз. Шыдамдылық таныттық, ұйымшыл ұйым болғандықтан бүгінгі күнге жеттік. Қазіргі таңда залымыз толы, бірақ жазғы демалысқа орай көрермендеріміздің қатары сиреп қалды. Балалар бос уақытын пайдасыз нəрселерге жұмсамай, біздің қуыршақ театрына келсе екен деймін.
— Болашақта гастрольдік сапарлармен шалғай ауылдарға бару жоспарларыңызда бар ма? Қазақстандық бүлдіршіндерге айтар тілегіңіз.
-Иə, біздің театр туралы көптеген ауыл балалары біле бермейді. Сіздердің журналдарыңыз арқылы қуыршақ театры туралы мағұлмат алған балалар бізге келіп, Қаңбақ шалды, Əли бабаны, Жеңімпаз Қожаны тамашаласа екен дегім келеді.
Балаларын қаржысы болса, əр түрлі ойын алаңдарына сүйрейтін немесе басқа елдің шытырман мультфильмдеріне алып баратын ата – ана баласын біздің театрға əкелсе, көп нəрседен ұтатынын айтқым келеді. «Мөлдір бұлақтың» достарына əр уақытта еңбекқорлық тілеймін! Болашақта да «Мөлдір бұлақ» редакциясы жас бұлақтардың көзін аша берсін!
Сұхбаттасқан: Ақерке УСМАНБАЕВА,
ҚазХҚ жəне ƏТУ-нің
2-курс студенті.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *