Елбасының саясатын қолдаймын

5bet_f22Қалам алдым, елдің жырын қолдаймын,
Болмасын деп басқа төнген мол қайғың.
Тыныштығын ұстап тұрған қазіргі,
Елбасының саясатын қолдаймын.

Мұның бәрі жазылатын шежіре,
Әркімнің де салған дұрыс есіне.
Өндіріс те, білім-ғылым дамыды,
Жас ұрпаққа жазылған бұл несібе.

Елбасы Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ
95 жастағы ұстазы Сейітхан ИСАЕВПЕН.

Кезең емес өткен қазір бастапқы,
Тоқырауда екі көзден жас та ақты.
Елбасының саясатын қолдаймын,
Жер шарына мойындатқан Қазақты.

Бар ұлтқа есігі ашық айқара,
Өсіп келеді менің елім жайқала.
Елу елдің қатарына енгенде,
Көз тимесе екен деймін жай ғана.
Арайлым АЙМАХАНОВА.
Қызылорда облысы,  Тартоғай ауылы.

ПІКІР ЖАЗУ