Нұр-атам салған Астанам

5bet_f16Астана біздің Елбасымыздың арман еткен қаласы. Сол арманының жүзеге асырылған жемісі. Мен сияқты бүлдіршіндер Елордамызбен бірге есейіп, Елордамызбен бірге көркейіп келеміз. Астана небары 11 жаста болса да, жылдан-жылға көркейіп, сөзбен айтуға жеткізе алмайтындай ғажайып қалаға айналып келеді. Өзімнің осындай ғажайып қалада туғанымды, өзімнің астаналық болғанымды мақтан тұтамын.  Менің ата-анам қала Астана мәртебесін алған кезде отбасын құрған екен. Міне, сол кезден бастап Астанамен бірге менің отбасым да өсіп келеді. Астана осы жылдар ішінде әсем ғимараттарымен гүлденсе, біздің отбасымызда мен және бауырым дүниеге келді. Өз қаламды, өз елімді, халқымды шексіз сүйемін. Өскен кезде туған елімнің елеулі аза-
маты болып, егеменді елімнің көркеюіне менің де
өз үлесімді қосқым келеді.   Сарыар-қаның төрінен, ерке Есіл бойынан Астанадай әсем қала сыйлаған Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлына ризашылығымды білдіремін. Нұр-атаны биылғы мерейтойымен ақ пейіл сәби көңілмен құттықтаймын.
Нұрислам МАЙЛЫБАЕВ.
Астана қаласы.

ПІКІР ЖАЗУ