“Талғам” салаты

9bet_f13Қызылшаның денсаулығымызға пайдалы екенін бәріміз білеміз, сондықтан да салаттардың көбі қызылшадан жасалынады. Сендерге  қызылшадан оңай жасалынатын салаттың  түрін ұсынып отырмыз.
Құрамы: 1 кіші қызылша, 50 гр. тұздалған қияр, 0,5 банка жүгері дәні, 0,5 стақан жаңғақ, майонез, жүзім немесе анар дәнегі.
Дайындау тәсілі: Қызылшаны ірі үккіштен өткіземіз. Тұздалған қиярды текше түрінде тураймыз. Жүгері дәнін, жаңғақты осы қоспаларға қосып, майонезбен араластырамыз. Бетін жаңғақпен, жүзім немесе анар дәнектерімен сәндейміз.
Астарың дәмді болсын!
Әзірлеген: Айгүл ҚАНАТОВА.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *