“Насыбайға” — тосқауыл

12bet_f42Адам өміріне арақ, темекі, есірткінің қаншалықты зиян екенін айтып жатырмыз. Бұл аждаһаға тосқауыл қоя алмай жатқанымызда, насыбай деген күйдіргі шықты. Оның қалай жасалатыны жайында жазылып та, айтылып та жатыр. Оның құрамында утас (әк), малдың қиы бар екен. Оны атқан баланың жас ағзасынан не қалады?.. Осы жайтты біле тұра, мектеп оқушылары насыбайға үйір болып барады. Ағзалары насыбаймен жастайынан уланған ұл-қыз болашақта ұрпағын қалай тәрбиелейді. Олардың денсаулығы не болады. Келешекте ақыл-есі дұрыс емес сәбилердің дүниеге келуі көбейеді. Қандай қорқынышты. Жан түршігеді.
Фариза ОРЫНҒАЛИ.
БҚО, Бөрілі ауылы.

ПІКІР ЖАЗУ