Дактилоскопияның ашылуы (1892-1905)

13bet_f41Жүз жыл — бір ғасыр. Бір ғасырда әлемде талай ғылыми жаңалықтар адам өміріне енеді. Айталық, өткен, ХХ ғасырда 100 ұлы оқиға іріктелген. Біз ең қажеттілерін сендерге ұсынып отырмыз. Мұны естеріңе сақтап алыңдар.
Сонымен, тақырыпқа көшелік. Дактилоскопия – ғылым ретінде, бір ғасырдан бері жүзеге асып келеді. Бұл сөзді грек тілінен аударғанда “daktylos” – “саусақ”, “skopeo” – “көре” дегенді білдіреді. Яғни, саусақтың таңбасын алу деген мағына екен. Қағазға қолдың ізін қалдыру Қытайда орта ғасырлардан бастап қолданыла бастаған. Бұл сөзді алғаш рет, 1877 жылы Үнді елінде жұмыс істеген шенеунік Вильям Гершел атаған. Ол индус-сарбаздарға айлық жалақы бергенде, әрқайсысының аты-жөнінің тұсына саусағының таңбасын қалдыртқан.
Саусағының таңбасы арқылы адамның жеке басын тануды ағылшын ғалымы Френсис Гальтон анықтады. Сөйтіп, дактилоскопияны Ф. Гальтон (антропотолог, психолог) қылмыстық істер тәжірбиесіне енгізді. 1900 жылы дактилоскопия әдісі криминалистикадағы жаңалық болды, содан бері полиция қызметінде аталған әдіс тұрақты қолданылуда.
Әзірлеген: Ж.ТҰРЖАНОВА.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *