Етті бәліш

9bet_f5Қажетті шикізаттар: 1 жарым стакан сүт, 1 құрғақ ашытқы, 1 ас қасық қант, 1 ш.қ. тұз, 50 гр сұйық май, 2 жарым стакан ұн, 500 гр майлы фарш, 1 үлкен пияз, тұз, қара бұрыш.

9bet_f4Жылы сүтке ашытқы мен қант қосып үстін 10 минутқа жауып қойыңдар. Ашытқы ашып көтерілуі керек. Көтерілген ашытқы ішіне тұз, май мен ұн қосып, қоймалжың қамыр әзірлейсің. Үстін жауып, жылы жерге 30 минутқа қою керек. Егер сұйықтау болса, үстіне ұн сеуіп, қайта илеп, қолға жабыспайтын жұмсақ қамыр әзірлеу керек.
Пиязды майдалап турап, майға қуырып, оны шикі фаршқа қосасыңдар да тұз, бұрышпен дәмдеп, араластырасыңдар. Көтерілген қамырдан жұмыртқа үлкендігіндей майда зуала қамыр әзірлейсіңдер (менде тура осы өлшеммен 20 зуала шықты). Әрқайсысын қолмен жұқалап, арасына еттен қойып, ортасына тесік қалдырып жартылай жабасыңдар. Табадағы қыздырылған майға тесігі бар жағымен салып, үсті-астын қызартып пісіріңдер. Піскен бәліштердің үстін майлықпен жауып, суытыңдар.
Астарың дәмді болсын!
Дайындаған: Айгүл ҚАНАТОВА.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *