Отбасына құндысы — жауынгердің ерлігі

20bet_f2Ауғанстан жерінде ерлікпен қаза тапқан бозбала әкемнің ағасы – Қайрат Оралбайұлы. Жауынгер ағамның суретін көрген сайын мен де күрсініп, жатқан жері жайлы болсын деймін. Әкем: «Өкініштісі, жат жерде қалды. Ең болмаса басына барып дұға оқи алмаймыз» — дейді мұңайып.Ағам он бір баланың ішіндегі 6-шы, ұлдың тұңғышы екен. 1968 жылы Шығыс Қазақстан облысы Үржар өңірінде дүниеге келген. Орта мектепті бітірген соң, әскер қатарына алынады. Ауған жерінде интернационалдық борышын өтеп жүргенде қаза болған. Жат жердегі ерліктері үшін «Қызыл жұлдыз» ордені және бірнеше медальдармен марапатталған. Туған ауылында Қайрат Байғабылов атындағы көше бар. Ұлы Жеңістің 65 жылдығы қарсаңында Қ.Байғабыловқа арналған ескерткіш тақта өзі білім алған Егінсу орта мектебінің қабырғасына ілінді.
Назерке ОРАЛБАЕВА.
Алматы облысы, Талғар ауданы.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *