Әдемілік еншіміз

Жылдың қай мезгілінде болсын бет терісі ерекше күтімді қажет етеді. Сондықтан, бет терісі үлбіреп, сүйкімді көрінсін десеңдер, аптасына бір рет бетті қоректендіріп тұрған жөн. Сондай бетке арналған маска түрлері көп, соның бірін ұсынбақпын.

Сәбіз бен сүзбе қосылған маска бет терісін жақсы қоректендіреді. Бір ас қасық үгітілген сәбізге 1 шай қасық сүзбе және бір жұмыртқаның сары уызын қосып, әбден бұлғайды. Осылайша дайындалған қоймалжыңды бетке, мойынға 20 минут жағып қояды. Содан кейін масканы жылы сумен жуып, бетті салқын сумен шаяды. Бетті тоникпен сүртеді де, артынан крем жағады.
Жанар ӘЛПЕЙІСОВА.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *