Қобызға мініп аралаған…

Ең соңғы сабақ әдебиет пәні еді. Ағай Қорқыт ата туралы аңыз әңгімелерді түгелдей түсіндіріп шықты. Қорқыт атаның өз халқына шұрайлы, қолайлы жерұйық іздегені, ел мен жерді шарлағаны, олар туралы айтқан сыны, көзқарасы туралы әңгімелеп берді. Ағайымыз сұрақ қоя бастады.
— Менің сендерге қояр сұрағым мынандай: Қорқыт ата ел аралағанда, жер көргенде қандай көлікті пайдаланған? Ал, жауабын тыңдайық! Қане, Жеңіс жауабын сен айта ғой, — деді ағай.
— Ағай, ол атамыз жер бетін сиқырлы қобызына мініп аралаған.

Көптілеу БИСЕНОВ, мұғалім.
Алматы облысы, Талғар ауданы.

ПІКІР ЖАЗУ