Айтыс ақынының есімі

Әдебиет сабағы жүріп жатқан. Оқытушы Жеңістен ақындар айтысы жайлы сабақ мазмұнын сұрап жатыр. Ағай кенет Жеңіске сұрақ қойды.
— Ал, Жеңісжан, айта қойшы. Жас айтыс ақындарынан кімдерді білесің?
Жеңіс біраз ойланып қалды. Жас ақындардан ешкімді де дәл басып айта алмады. Сәлден соң Жеңіс:
— Ағай, Хайлайлім, хайлім, хайлайлім! – дегенде, бүкіл сынып күлкіге көмілді. (Бұл – Балғынбек Имашевтің қайырмасы еді).

Көптілеу БИСЕНОВ, мұғалім.
Алматы облысы, Талғар ауданы.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *