Құлагер қалай өлген?

Ағай Ілияс Жансүгіровтың «Құлагер» поэмасының мазмұнын түсіндіріп жатыр. Бүкіл сынып құлаққа ұрған танадай тым-тырыс. Оқушылар іштей Құлагердей жүйрігінен айырылған Ақан серінің зарлы үніне құлақ қойған. Мұғалім Құлагердің жауыз жандардың қолынан мерт болғанын, әрі оны сойылмен ұрып өлтіргенін баяндай келіп, әңгімесінің соңында:
— Ал, қояр сұрақтарың болса, маған қоя беріңдер? – деді.
— Ағай, сіз жаңа ғана, жауыз жандар Құлагердей тұлпарды ұрып өлтірді деп жалған айтып тұрсыз. Киносын көргенбіз, онда мылтықпен атып өлтіреді ғой! – деді Жеңіс өкініш үнмен.

Көптілеу БИСЕНОВ, мұғалім.
Алматы облысы, Талғар ауданы.

ПІКІР ЖАЗУ