Балаңыз қалай тамақтанады?

25bet_f2Екі ата-ана, әсіресе аналар бас қосқанда,
баласының денсаулығына алаңдайды. Жасөспірім-дер денсаулығы нашар, дұрыс тамақтанбайды, салмақсыздық басым. Жасына қарай, салмағы сәйкес келмейді. Бала денесі шамадан тыс семіздікке бой алдыруда деген әңгіме де көп айтылады. Осы мәселелерді дәрігерлермен кеңесер алдында балалармен әңгімелескенді жөн көрдік.
Жазғы демалыс кезі. Қаланың бар баласын айтпағанда, ауылдан келген ұландар ата-анасымен саябақтардың қызығына тоймай, қыдырып жүр. Осы сәтті пайдаланып, «Сенің сүйікті тамағың қайсы?» деген сұраққа жауап іздедік.
— …Сен айтып отырған «Роллтон» несімен ұнайды?
— Дәмі ерекше.
— Анаң үйде сорпа, кеспе көже, ет пісіріп берсем, шұқып-шұқып қоя салады дейді.
— Білмеймін, «Роллтонға» тәбетім тартып тұрады.
— Күніне неше «Fanta» ішесің? Айран, минералды сулардың пайдасы көп қой.
— Жазда 4-5 бөтелке ішемін. Маған ұнайды.
* * *
25bet_f3— Апай, мен қалада тұрамын. Саябаққа осы үлпілдек мақта жеу үшін келемін.
— Күнде келесің бе?
— Екі-үш күнде бір келемін.
— Бала организміне шамадан тыс тәтті жеудің зиянды екенін білесің бе?
— Анам күнде ескертеді. Қорқытып та айтады. Қанша айтса да, үлпілдек мақтаны қоя алмаймын.
Арамызға бір топ аналар келіп, әңгімеге араласты. Балаларының алды 14-15 жас шамасында екен.
— Сіздер, жас жеткіншектерге құрт, ірімшік, айранның құнарлығын айтып жатырсыздар. Өте орынды. Айнала дүңгіршектерге, дүкен сөрелеріне қараңызшы. Көздің жауын алатын сусын, түрлі тәттілер мен сағыз тұрғанда, құрт, ірімшікті әдейілеп те жегізе алмайсың, — деп ренжіді олар.
Шынында да, аналар сөзінің жаны бар. Сатылымдағы балалар тағамдары жеңілденіп кетті. Олардың ағзасы құнарлы тағамнан гөрі қақталған, кептірілген, бояуыштар қосылған тағамдарға үйреніп келеді. Мұндай сусындар мен тағамдардан баланың бетін қалай қайтарамыз?..
* * *
25bet_f11Әр облыста тұратын оқырмандарымыздың аналарымен телефон арқылы тілдестік. Олардың пікірлерін тоғыстырып, түйіндедік.
Қала баласына қарағанда, ауылда тұратын ұлдар мен қыздарымыздың тағамы экологиялық таза, құнарлы. Дастарқан мәзірі айран, құрт, сары май, ірімшік, женттен үзілмейді. Сүт ішеді. Қол тамақтарын сүйсіне жейді. Соған қарамастан, ауыл баласы да түрлі сусындар, дайын кеспелер, жартылайфабрикат тағамдарға жаны жақын екен.
Бұл әңгіме журналдың алдағы нөмірлерінде жалғасын таппақ.

Әйгерім МЫРЗАКАРИМОВА,
Абылайхан атындағы ҚазХҚ және ӘТУ-нің студенті.
Алматы қаласы.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *