Баға қалтаны билейді

24bet_f43Мектеп оқушыларының жазғы демалысында ата-ананың бас ауыртар мәселесінің бірі – мектеп формасы. Әр ата-ана қалтасына қарай киім іздеп, дүкен, базарларды шарлап кетеді. Фирмалық дүкендер бутиктерінде мектеп киімінің бағасы қымбат. Бізді де осы мәселе толғандырып, Алматының әмбебап базарын аралап шықтық. Киім барлық қатарларда бар. Соның ішінде, «Саша», «Болашақта» негізінен мектеп формасы сатылады. Сондағы ұл-қызына киім сатып алып жүрген ата-аналармен тілдестік. 
Камшат: — Алматының маңында тұрамын. 4 балам бар. Оның үшеуі оқушы. Мына базарда формалар 5-6 мың теңге екен. Келісіп, сәл түсіруге болады.
Дегенімен, барлық мектептерде «Сымбат» сән академиясының формасын алуды ұсынып отыр.
Нұрдаулет: — Сіз кешіріңіз, менің үш балам оқушы. Аналары жұмыс істемейді. Менің жұмысым тоқтаса, кейде айлық ала алмай қаламын. «Сымбаттың» бір киімі 9-10 мың теңге. Осы ақшаға базардан үш форма ала аламын.
Базарда тоқтатып сұраған ата-аналардың пікірлері бірдей болып шықты.

Арзан деп, ұрынып қалмаңыз
Ата-ананы ойландырған «Сымбат» сән академиясына келіп, вице-президенті С.Н.Альсейпуловаға жолықтық.
«Сымбат» сән академиясы елімізде 1947 жылдан бері жұмыс істеп келеді. 2005 жылдан мектеп формасының 45 түрлі үлгісін шығарды. Балалардың көңілінен шығатын әдемі формалардың бағасымен көптеген ана-аналар келіспей отыр. Себебі де түсінікті.
24bet_f11— Светлана Нұрсұлтанқызы, форманың әмбебап базары бағасынан қымбат болу себебі неде?
— Бір қараған адамға форманы тігу түк емес сияқты. Соған қарамастан, форманы тігетін құрал-саймандардың 22 түрін Оңтүстік Кореядан аламыз. Сол себепті, бір баланың формасын тігу қымбатқа түсіп отыр. Соңғы үлгідегі форманың жағасына домбыра, қобыздың суреттері кестеленіп салынған.
24bet_f22— Форманың базар киімінен айырмашылығы қандай?
— Киім үлгісін таңдауда қателеспеген жөн. Біздің сән академиясы форма тігетін матаны арнайы СЭС (санитарлық-эпидемиялогиялық станса) тексеруінен өткізеді. Ал, арзан деген базар формасының матасы қайдан алынады? Тазалығы қандай, оған кепілдеме жоқ.
24bet_f3— Сән академиясының филиалдары көбеюде. Бірақ ондағы форма бағасы 10 мыңнан асып жығылады екен.
— Біздің жұмыс маусымдық қана. Қай қала, ауданнан тапсырыс көп түссе, жеңілдік жасалады. Айталық, Жезқазған, Қарағанды, Жаркент, Талдықорған, басқа да қалалар үшін форма бағасына 30 пайыздық жеңілдік жасап отырмыз.
— Әңгімеңізге рахмет!
* * *
Бір топ балаларды сөзге тартып, қай форма үлгісін таңдайтынын сұрадық. Олар да сапалы, әдемі, тігілген киімге қарай жүгіретінін айтты. Ал, таңдау ата-ананың еркінде. Өйткені, бағаны қалта билейді. Мектепке қажет тауарлар бағасы қымбат. Ата-ананың 60-70 пайызының жағдайы төмен. Үкімет пен Білім және ғылым министрлігі тарапынан неге баға реттелмейді деген реніш те айтылуда. Өйткені, орташа есеппен бір баланы оқу жылы бойына оқытуға 400 АҚШ долларына дейін жұмсалады екен. Мұның ішінде мектеп формасы, құрал-жабдықтары, маусымдық киімдері, спорт киімі бар. Сонымен бірге күнделікті сабақ кезінде бір уақыт мектеп асханасынан дәм татады. Егер отбасында 2-3, одан да көп бала оқыса, есептей беріңіз. Отбасы бюджетіне ай сайын аз дегенде 100 мың теңге кіріс кіруі керек дегеннің өзінде, бұл қаражат көп баланың мектеп өміріндегі барлық қажеттіліктерін өтеуге жетпей қалады.
Лала КАДИРКУЛОВА.
Абылайхан атындағы ҚазХҚ және ӘТУ-нің студенті.
Алматы қаласы.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *