Сұрапыл сәтте

5bet_f41Сұрапыл сәтте қанға тоймай дала жатты,
Сол жылдардың аязды қысы қатты.
Сол жылдары қаншама жұрт зарлады,
Боздақтар елін қимай бара жатты.
Елі мен жұрты үшін бәрін көрді,
Арпалысып жауменен жанын берді.
Шайқасып, жан беріп, жан алысса да,
Жерін таптатып, кері шегінбеді.
Толас бермей сұм жауды жаншып жатты,
Бір күні жеңістің де таңы атты.
Қарша бораған оқтың астында,
Рейхстагқа Жеңіс туын қадап жатты.
Бағлан ЖОЛАМАН.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *