Екі жолаушы

7bet_f17Баяғы заманда аттылы жолаушы судан өте алмай тұрған бір соқыр кісіге жолығыпты. Әлгі аттылы адам оған жаны ашып, атына мінгізіп, судан өткізіп алады. Судан аман-есен өткен әлгі соқыр адам аттан түспей қояды. Жолаушы: — Судан өттіңіз. Енді аттан түсіңіз, — дейді. Соқыр: — Жоқ. Түспеймін, өйткені бұл менің атым. Сен менің соқырлығымды пайдаланып, атыма ие болайын деп тұрсың, — депті. Екеуі біраз айтысады. Ақыры болмаған соң бір биге барып жүгінеді. Болған оқиғаны биге айтып береді. Би не істерін білмей, біраз ойланып: — Бүгін сендер осы жерге түнеңдер, — депті де, екеуін екі бөлмеге жатқызады. Түннің бір уағында би соқыр жатқан бөлменің есігінен тың тыңдайды. Соқыр: — О, құдайым! Соқыр бір істі бастады, құдай оны қош көрсе… – депті. Ал жолаушы: — Енді соқыр көрсем, қасына жоламаспын, — деген екен. Ия, өмірде тек көзі емес, көкірегі соқыр адамдар да көп кездеседі. Достарыма, замандастарыма лайым осындай адамды жолықтырмасын деген тілек білдіремін. Ел аузынан жазып алған: Үміт ТҰРДЫБЕКОВА, № 169 мектебінің оқушысы. Алматы қаласы.

ПІКІР ЖАЗУ