Пышақ туралы тыйымдар

9bet_f41• Бір-біріңмен қырқысып өтесіңдер деп, пышақты сыйға беруге болмайды.
• Ет кескенде, қатар отырған екі кісінің біреуі ғана пышақ ұстайды.
• Біреудің пышағымен ет кескенде, құры қайтарылмайды. Ұшына май немесе ет шаншып береді.
• Бір нәрседен шошынғанда, пышақты жастықтың астына қойып ұйықтайды.
• Біреуге пышақ ұсынғанда, ұшын өзіне, сабын кісіге қаратып береді.
• Пышақпен ойнауға болмайды.
• Пышақтың жүзін жалауға болмайды.
Жинаған: Әсем ҚАДЫРОВА.
СҚО, Ақжар ауданы, Айсары ауылы.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *