Жұлдыз-жорамал

balik2Балық 20.02-20.03
Бұл айда ескертетін бір нәрсе — әр айтқан сөзіңе абай бол, біреудің көңілін қалдырмағаның абзал. Ренжіскен адамыңмен татуласуға бірінші қадамды өзің жаса.

Тоқты 21.03-20.04
Айдың алғашқы жартысында жақсы жаңалықтар естіп, зор қуанышқа кенелесің. Бойыңа күш-қуат толып, көп нәрсені білуге құштарлығың артады.

Торпақ 21.04-21.05
Көктемнің бұл айы көптеген қызығымен есіңде қалмақ. Ерінбей еңбектенген-нің арқасында, көптен күткен ісіңнің нәтижесі оң шешімін табады.

Егіздер 22.05-21.06
Егіздер белгісіндегілерге қоғамдық жұмыстарды жүзеге асыруға қолайлы кезең. Еріншектікке салынбай, бастаған ісін уақытында аяқталса, нәтижесі сәтті болмақ.

Шаян 22.06-22.07
Өзіңе деген сенімділік биіктерге жетелейді. Бастаған ісіңді ертеңге қалдыруды дағдыға айналдырма. Жалқаулықты жеңе білу керек.

Арыстан 23.07-22.08
Мамыр айы – сен үшін қарбаласқа толы ай болмақ. Мектептегі жұмыстарға белсене араласасың. Ұстаздарыңның ілтипатына бөленесің.

Бикеш 23.08-23.09
Төртінші тоқсан аяқталады деп тым еркінсіп кетпе. Жақындарыңның ақыл-кеңесіне құлақ түріп жүр. Бос уақытыңды дұрыс пайдаланып, әдеби кітаптар оқуға жұмса.

Таразы 24.09-23.10
Таразыларға мамыр айы ерекше ай болмақ. Білімге деген құштарлығың артып, тоқсанды жақсы деген бағаға аяқтайсың. Ұстаздар мен ата-ананың ризашылығына кенелесің.

Сарышаян 24.10-22.11
Көмегіңді қажетсінетін жақындарыңа қолыңнан келген көмегіңді аяма. Әсіресе, досыңның басында бір жағдай бола қалса, жанынан табыла біл.

Мерген 23.11-21.12
Көптен ойыңда жүрген істерің жүзеге асады. Достарыңмен сыйлы қарым-қатынас орнату – мерейіңді өсіреді. Айдың соңы кездесулерге толы.

Тауешкі 22.12-20.01
Мамыр айында шығармашылық шабытың арта түседі. Бос уақытыңда аяқталмай жатқан шаруаларды тындырып, біраз жетістіктерге жетесің.

Суқұйғыш 21.01-19.02
Бұл айда көңілің қалаған іспен шұғылдануға уақыт мол. Демалысты мүмкіндігінше дұрыс пайдалана білсең, біраз шаруаларды тындырасың.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *